Иранның Мұнай министрі: Мұнай мен газ саласындағы санкциялар тиімсіз
(last modified Mon, 18 Sep 2023 06:12:00 GMT )
Қыр 18, 2023 12:12 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі: Мұнай мен газ саласындағы санкциялар тиімсіз

Иранның Мұнай министрі мұнай және газ саласындағы Иранға қарсы санкцияларды тиімсіз деп бағалады.

 

Батыс Азиядағы пластик өнеркәсібінің ең үлкен оқиғасы және әлемдік пластик өнеркәсібінің беделді көрмелерінің бірі Iranplast көрмесі кеше (жексенбі) 780 отандық және шетелдік компанияның қатысуымен өз жұмысын бастады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Джавад Оджи  Иранның мұнай өнеркәсібінің өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне сілтеме жасап, 17-ші Iranplast көрмесінде: "Иранның мұнай өнеркәсібінің жоғары және төменгі салаларында Ресей компанияларымен, соның ішінде Газпроммен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалып, кейбір кен орындарының алғашқы кезеңдері мұнайды пайдалану мен өндіруге жетті",- деп мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрі Араш кен орны туралы да: "ИИР өз үлесінен бас тартпайды және басқа ортақ кен орындары сияқты бұл кеніштің мәселесі Сыртқы істер министрлігінің Кувейт тарапымен келіссөздері арқылы шешіледі",- деді.

Бұл бірлескен кен орнының табиғи газ қоры 368 миллиард текше метрге, ал мұнай қоры 310 миллион баррельге жуық деп бағаланады.