Қаз 10, 2023 21:34 Asia/Almaty
  • Иранның Адам құқықтары штабының хатшысы: Сионистік режимнің Газа  тұрғындарына суды жабу әрекеті  соғыс қылмысы болып табылады

Иранның адам құқығы штабының хатшысы сионистік режимнің Газа секторындағы Палестина халқына ауыз су беруін тоқтату әрекетін соғыс қылмысы деп атады.

 

Мизан ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Гарибабади X  әлеуметтік желіде: "Қауіпсіз және таза ауыз суға қол жеткізу құқығы адам құқығы ретінде танылды; Сионистік режимнің Газа тұрғындарына суды жабу әрекеті соғыс қылмысы болып саналады",- деп жазды.

Иран сот жүйесінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары: "ДАИШ 2016 жылы да Алеппоның суын кесіп тастады және БҰҰ-ның Сириядағы төтенше көмек үйлестірушісі бұл әрекетті әскери қылмыс деп атады",- деп еске салды.

Сионистік режим қарсыласу күштеріне қарсы тұра алмағандықтан және жеңілісінен кейін қорқақ әрекетімен Газа қаласына су беруді толығымен тоқтатты.

 

Тегтер