Maм 17, 2024 22:34 Asia/Almaty
  • Теһран Кітап көрмесінің жүрегі Палестина павильонына тиесілі / «Отанның бостандығы үшін күресеміз»

Палестиналық студент былай деді: Палестина павильоны Теһран Кітап көрмесінің қақ ортасында орналасқан және бұл Палестинаның Иранның жүрегінің қақ ортасында екенін көрсетеді.

 

Иранның Исфахан Өнер университетінің палестиналық студенті Моаз Дахил Теһран 35-ші Халықаралық кітап көрмесіндегі Палестина павильоны туралы «Мехр» Иран ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында: «Бұл стенд Палестина мәселесін нақтылау және сионистік режимнің киберкеңістікте Палестина туралы жариялаған күмәндері мен қауесеттеріне жауап беру үшін Ирандағы палестиналық студенттердің ортақ комитетімен ынтымақтастықта құрылды»,- деді.

Ол: «35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесі Иран халқының қаншалықты мәдениетті және сауатты екенін көрсетеді. Көрмеге келген адамдар Палестина павильонын да тамашалайды. Палестина павильоны өте жақсы қабылданды. Оқушылар картаға сүйене отырып, Палестина жерін Израильдің қалай басып алғанын дәлелдеп, халыққа картадан Палестинаның қоршауын көрсетеді. Көптеген адамдар Палестинаның қоршауда болмағанын және біз Израильмен соғыссақ екен деп өкінішпен айтады. Палестина павильоны кітап көрмесінің дәл ортасында орналасқан және бұл Палестина мәселесінің Иранның жүрегінде қаншалықты екенін көрсетеді».

Бұл палестиналық студент дүние жүзіндегі, тіпті Америкадағы студенттік қозғалыстарға сілтеме жасай отырып, былай деді: «Палестина мәселесі тек исламдық мәселе емес, сонымен бірге адамзат мәселесі. Ерлер мен әйелдер, кәрі-жас, тіпті балалар да Палестина халқының қысым көріп жатқанын, Израильдің палестиналықтарға қарсы геноцид жасап жатқанын аңғарды.

  Палестиналық студент тілшіге сұхбат беріп жатыр

 

Моаз Дахил: «Аға Имам Хаменеи кітап көрмесін аралау барысында Палестина павильонын да аралады. Мен хазірет Ағаға: «Иран және Ислам әлемі революциясының жетекшісі болғаныңыз үшін және Палестина халқына қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге алғыс айтамын. Аға «Палестинаны қолдау – парыз» деп қысқа әрі пайдалы жауап берді. Палестина мәселесі Иран халқының ағидаларының негізінің бірі болып табылады».

Ол: «Палестина 1948 жылдан бері соғысуда. Палестинадағы соғыс «әл-Ақса дауылымен» басталған жоқ! Керісінше, күшейе түсті. Израиль әрқашан Палестинаға қарсы шабуылдар жасады, бірақ бұл жолы «әл-Ақса дауылымен» палестиналықтар сионистік режимге қарсы үлкен шабуыл жасады. Әрі нәтижеге жетті. Олар Газа аймағын екі есе азат етті. Осы шабуылдан кейін Израиль шабуылдары басталды. Біздің 100 мыңнан астам азаматымыз шәһид болды немесе жараланды, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Палестиналық әйелдер балаларын Палестинаның болашағы үшін күрескер етіп тәрбиелейді. Палестиналық ана балаларының Палестина үшін шәһид болатынын біледі. Палестиналық әйел күйеуінің Палестина үшін шәһид болатынын біледі».

Палестиналық студент сөзін жалғастырды: «Газаның оңтүстігінде 2 миллион, ал солтүстігінде 700 мың адам үйлерін тастап, шатырларда өмір сүріп жатыр. Бұл шатырларда әкелер мен аналар қыздарын тұрмысқа берді. Ұлдарын  үйлендірді. Үйлену тойы өтті. Шатырда дүниеге келген сәбидің үніестілді. Әйелдер балаларды, әсіресе Құранды жаттау мен түсінуді үйрету сабақтар ұйымдастырды. Тіпті студенттің өзі магистр дәрежесін алды. Ұстаздар мен төрешілер шатырға келіп, студент диссертациясын қорғап, өз бағасы мен құжатын алды. Палестина халқы ең аз тұрмыстық жағдайлары бар шатырларда, бар күші мен сенімімен тұр. Біз Палестинаның азаттығы илаһи уәде екеніне сенеміз. Біз осы илаһи уәденің орындалуы үшін күресеміз және бұл бостандық маған және менің замандастарыма келеді деп үміттенемін. Біз соғысты ұнатпаймыз, бірақ біз еліміздің бостандығы үшін күресуіміз керек»

 Палестина павильонында ирандық жасөспірімдерден құралған ән тобының өнер көрсетуі

 

Моаз Дахил соңында былай деді: «Мен 1394 жылы Иранға оқуға келдім. Мен Исфахан Өнер университетінің сәулет факультетінің магистрантымын. Осы уақыт ішінде мен Иран халқын таныдым. Олар Палестинаның езілген халқын ғана емес, барлық мазлұмдарды қолдайды және қорғайды. Палестина мәселесі Иранды алаңдататын мәселелердің бірі».

 

 

 

 

Тегтер