«Хузестанның жас араб генералы»; Иранның батыл қолбасшысы Әли Хашеми туралы не білесіз?
ParsToday - Шәһид Әли Хашеми Саддамға қарсы сегіз жылдық қасиетті қорғаныста Иранның эпикалық қаһармандарының бірі болды.
«Сардар Һур» лақап аты бар шәһид генерал Әли Хашеми шайқас географиясын терең білуімен Иранның Саддамның Баасшыл режиміне қарсы жеңістерінде таптырмас рөл атқарған Иранның қасиетті қорғанысының батыл әрі атақты қолбасшыларының бірі болды. Оның есімі Иран-Ирак соғысы тарихында Хейбар мен Бадрдегі ұлы операциялардың басты жобалаушысы ретінде жарқырап тұр. Бұл ержүрек генералдың халық пен оның жолдастарының жүрегінде танымал болғаны соншалық, Ислам реаолюциясының жетекшісі аятолла Хаменеи оны «Хузестанның жас араб генералы» деп атады. Басқыншы жауға қарсы тұрып, есімі осы өлке тарихында мәңгілік қалды. Бұл мақалада біз осы ұлы шәһидтің жалынды және эпикалық өміріне көз жүгіртеміз.

Туу: Имандылық пен құрбандық нұрында өмірдің бастауы
Али Хашеми 1961 жылы Иранның оңтүстік-батысындағы соғып тұрған жүрегі Ахваз қаласында дүниеге келген. Ол кедей болса да Аллаға және Әһли Бәйтке (ғ.с.) деген сүйіспеншілікке толы отбасының тұңғышы еді. Жас кезінен мешіт ол үшін жай ғана орын емес, бүкіл болмысын байлаған киелі мекен еді. Анасы мақтанышпен: «Әли түннің бір уағына дейін мешіттің ішін сыпырып, тазалап, айтып жеткізгісіз махаббатпен отыратын. Құранға деген сүйіспеншілігі соншалық, үйінің есігіне «Құранды тегін үйрету, тек бір салауат!» деп жазып қойыпты.

Күрес дәуірі: революциядан Сақышлар корпусы құрылғанға дейін
Ислам революциясының аласапыран күндерінде жас Әли Хашеми АҚШ-пен байланысы бар озбыр режимге қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Ол революциялық қызметі үшін талай рет тұтқындалып, түрмеге жабылды, бірақ ол әр жолы күшті рухпен оралды. Революция жеңісінен кейін ол Ислам революциялық комитетінің құрылуына маңызды рөл атқарып, Революция Сақшылар корпусының құрылуымен осы қасиетті мекемеге қосылды. Соғыс басталмас бұрын ол серіктерімен бірге Азадеған жазығының революцияшыл жастарын ұйымдастырып, Хамидие корпусын құрды.
Неке: қысқа, бірақ махаббатқа толы өмір
Шәһид Хашеми 1984 жылы үйленді. Бұл отбасында Зейнаб және Мұхаммад Хусейн есімді екі бала болды. Бірақ тағдырдың жазуымен ол енді отбасының қонағы болмай, майдан даласына аттанады.

Оқу кезеңі: Қорғаныс мамандығын таңдаған медициналық студент
Али Хашеми жай ғана жауынгер емес еді. Ол серпінді және ғылыми ойға ие болды. Революциялық күреспен бір уақытта ол Мешхед университетінің медициналық бөліміне қабылданып, тіпті Америка университеттеріне оқуға түсуге дайындалды. Бірақ Иранға қарсы таңылған соғыс басталғанда, ол бірден барлық жеке қалауларын тастап: «Майдан менің басымдылығым» деді.
Таңған соғысқа қатсуы: жауға қарсы күшті тосқауыл
Саддам Хусейннің Ирак БААС режимінің қорқақ басып кіруімен Хашеми ең қиын майдандар, атап айтқанда оңтүстік осьтер үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол өзінің әдептілігі мен батылдығымен Ирак әскерлерінің алға жылжуын тоқтатып, Хамидия мен Ахваздың құлауының алдын алды. Ол тіпті «Қархе көр» атауын «Кархе Нур» деп өзгертті, өйткені жауынгерлердің қатысуымен соғыс қараңғылығы үміт нұрына айналды.

Нусрат базаның қалыптасуы: бірегей эпостың басталуы
Соғыстың үшінші жылында шәһид Хашемидің бақылауымен Нусрат базасы құрылды. Бұл база күрделі барлау және жедел тапсырмаларды орындады. Ол жергілікті күштерді дайындады және соғыс тарихындағы алғашқы амфибиялық операцияны жоспарлады. Нусрат штабының Хейбар және Бадр операцияларында жарқырағандығы соншалық, тіпті Ирак топырағында жасырын киім киіп, шайқас жоспарларын мұқият тексеру үшін Сақшылар корпусының жоғары дәрежелі қолбасшылары да барды. Одан да таңғаларлық, бұл базаның 420 барлау әрекеті ақпараттың шамалы әшкереленуісіз жүзеге асырылды!

Шәһадат: Мәңгілікке аттану
1988 жылы 24 шілдеде БААС күштері Мажнун аралына жаппай басып кіргеннен кейін шәһид Хашеми командалық штабтан шығып бара жатқанда жау тікұшақ зымырандарымен нысанаға алынды және 26 жасында шәһид болудың үлкен рақымына ие болды. Ол кезде Әли Асғар Горджизаденің (Алтыншы корпустың штаб бастығы) жарақаты мен тұтқында болуына байланысты Хашеми де тұтқында болған деп есептелді. Бірақ 22 жыл күткеннен кейін, 2010 жылы оның денесі Алтыншы корпустың штаб-пәтерінің жанынан табылып, Ахвазда халықтың жаппай қатысуымен жерленді.

Шәһид генерал Әли Хашеми жай қолбасшы емес, қайсарлықтың, сенімнің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің символы болды. Оның есімі Хузестанның хорларының нұрындай, әрқашанда нұрлы болып қала бермек.