Раиси: Батыс елдері сионистерді ынталандырып, қолдап отыр
(last modified Thu, 26 Oct 2023 10:40:28 GMT )
Қаз 26, 2023 16:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Батыс елдері сионистерді ынталандырып, қолдап отыр

ИИР Президенті Батыс елдерін Газадағы әйелдер мен балаларды өлтіруде сионистерді ынталандырушы және қолдаушы деп атады.

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси  кеше (сәрсенбі) Иран үкіметінің отырысында сионистік режимнің қорғансыз және жазықсыз әйелдер мен балаларды өлтірудегі қылмыстарының жалғасуы адамзат үшін үлкен апат  деп біліп: «Әділетсіз әлемдік тәртіп бүкіл әлем халқының қалыпты өмір сүруіне, қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндіретіндіктен, барлық адамдардың, азат адамдардың, зиялылардың және үкіметтік емес ұйымдардың міндеті - сионистік режимнің және оны қолдайтын әділетсіз әлемдік тәртіптің қылмыстарынан  жиіркеніштерін және айыптауларын жариялау үшін бар мүмкіндіктерін пайдалану»,- деді.

Раиси әділетсіз әлемдік тәртіпті сипаттай отырып, Батыс елдерінің Газадағы оқиғаларға қатысты әрекеттеріне тоқталып: «Бұл елдер сионистік режимнің қылмыстарына үнсіз қалуымен бірге, бұл режимді Газада қылмыстар мен қырғындар жасауға итермелейді. Сонымен қатар қондырғылар мен жабдықтарды жібере отырып, іс жүзінде Газадағы қорғансыз және езілген әйелдер мен балаларды өлтіруде қатыгез режиммен серіктес болуда»,- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер