Генерал-майор Рахим Сафави: Газадағы қанды қырғындарды Америка басқарады
Жоғарғы Бас қолбасшының көмекшісі әрі кеңесшісі: «Бүгінде әлем Газадағы геноцид, балаларды өлтіру және адамзатқа қарсы қылмыстарға куә болып отыр",- деп баса айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Генерал-майор Яхья Рахим Сафави сейсенбі күні кешке Бейжіңде өткен «Ортақ қауіпсіздік және тұрақты бейбітшілік» халықаралық конференциясында: «Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар Газадағы ойға келмейтін қылмыстарды тоқтатуға қауқарсыз. Газада тұратын палестиналықтардың жаппай қырылуын саяси, әскери және БАҚ тұрғысынан Америка Құрама Штаттары деп аталатын үстемшіл үкімет басқарып отыр",- деді. Ол: "Американың гегемониясы мен біржақтылығы 2001 жылдан 2022 жылға дейін 20 жыл бойына Ауғанстан мен Иракты әскери оккупациялау, саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізбеу және жеті триллион доллардан астам қаражат жұмсап, Ауғанстаннан шұғыл шығуымен сәтсіздікке ұшырады",- деп ескертті.