Седиқи: Қарсыласу майданы әлемді өзгертті
Теһран жұма намазының имамы бүгін Қарсыласу майданының халықаралық майдан екенін айтып: «Қарсыласу майданы әлемді өзгертті",- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Седиқи Теһран университетіндегі жұма намазында: «Бұл күндері қарсыласу майданында болып жатқан оқиғалар велаят пен имамат мектебінен бастау алып, оның туы басшымыздың қолында болды",- деп айтты.
Теһран жұма намазының имамы Алжир парламентінің Израильмен соғысты мақұлдағанына тоқталып: «Бұл қарсыласу майданына нәсілшіл сионистерге қарсы тұру үшін күн сайын жаңа тірек қосылып жатыр. Барлық ислам мемлекеттері, ұлы көшбасшымыз айтқандай, сионистік режиммен байланысын үзіп, осы жалған режимнің елшілерін елден шығарып, Израильге жаппай бойкот жариялауды бастайды деп үміттенемін",- деп мәлімдеді.