Мохбер: Ұлы жібек жолында Иранның орны ерекше
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i73516
Иран Вице-Президенті Қытайдың импорттық тауарлары көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ұлы жібек жолында Иранның орны ерекше екенін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 05, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Мохбер: Ұлы жібек жолында Иранның орны ерекше

Иран Вице-Президенті Қытайдың импорттық тауарлары көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ұлы жібек жолында Иранның орны ерекше екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер халықаралық сауданың жаңа үлгісін нығайту үшін 6 ұсыныс айтып, Иранға инвестицияны дамыту үшін 5 айрықша әлеуетін түсіндіріп: "Ұлы жібек жолында Иран ерекше орынға ие, оның инфрақұрылымы маңызды рөл ойнайды",-деді.

Иран Вице-Президенті сондай-ақ елдің 5 айрықша әлеуеті ретінде географиялық артықшылық, табиғи қорлар, жас жұмыс күші және жоғары адам ресурсы, климаттық әралуандық, ғылыми-технологиялық жетістіктерге тоқталып, барлық елдерді Иранға инвестицияны дамыту үшін ынтымақтасуға шақырды.