Хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз
(last modified Mon, 27 Nov 2023 09:45:03 GMT )
Қар 27, 2023 15:45 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз

Бүгін, дүйсенбі х.қ.ж.с.б. 1445 жыл джамади-ул-аууал айының 13 жұлдызы, сәйкесінше 2023 жыл 27 қараша – Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммедтің (с.) қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы Әли Абиталебтің жұбайы хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болған күні.

Хазірет Фатима Захра (с.) беғсаттың бесінші жылы джамади-ус-сани айының 20 жұлдызы қасиетті Меккеде дүниеге келген.

Хазірет Фатима Захра (с.) әкесінің тәрбиесінде болып, бала кезінен илаһи тағылымдармен танысқан. Ол илаһи ғылымдар бастауынан нәр алған айрықша жандардың бірі болған.  

Хазірет Фатима Захра (с.) 18 жаста әкесінің қазасына қайғырып және сол кездегі билеушілердің зұлымдығын көріп, бір рауаят бойынша х.қ.ж.с.б. 11 жылы джамади-ул-аууал айының 13 жұлдызы, басқа бір рауаят бойынша джамади-ус-сани айының 3 жұлдызы шәһид болған.

Тегтер