Раиси: ИИР өз конституциясына сәйкес Газа мен Палестинаны қолдайды
(last modified Sun, 03 Dec 2023 08:10:02 GMT )
Жел 03, 2023 14:10 Asia/Almaty
  • Раиси: ИИР өз конституциясына сәйкес Газа мен Палестинаны қолдайды

ИИР Президенті "Конституцияны орындау жауапкершілігі" атты екінші ұлттық форумда: "Иран үкіметі ел конституциясына сәйкес Газа мен Палестинаны қолдайды",-деді.

Ибраһим Раиси бүгін, жексенбі "Конституцияны орындау жауапкершілігі" атты екінші ұлттық форумда: "Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бастап Палестинаны қолдау революцияның басты мәселесі болып келеді",-деді.

Иран Президенті: "Сионистік режимнің Палестина халқына нәсілдік кемсітушілік көрсетіп, қырып-жойып, әділетсіздік пен зұлымдық жасап отырғаны баршаға аян. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде ірі наразылық шерулері өтіп жатыр",-деді.

Раиси: "Палестина балаларының қаны бәріне жағдайды айқындап берді. Зұлымдықпен өлтірілген 6 мың балаға кек алынып, сионистердің залым да жалған режимі құлатылады",-деді.