Қалибаф: Сионистік режимнің жоғалтқан абыройын ештеңе қалпына келтіре алмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i74374
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Сионистік режимнің 7 қазан күнгі жеңілісі мен жоғалтқан абыройын ештеңе қалпына келтіре алмайды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 11, 2023 18:58 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Сионистік режимнің жоғалтқан абыройын ештеңе қалпына келтіре алмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Сионистік режимнің 7 қазан күнгі жеңілісі мен жоғалтқан абыройын ештеңе қалпына келтіре алмайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күнгі ашық жиналыста: "Кейінгі күндері сионистік режим өзінің басты серіктесі АҚШ-тың толық қолдауымен Газа халқын қырып-жойып, инфрақұрылымдарды жоюын жалғастырып жатыр",-деді.  

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Газадағы геноцидтың қозғаушы күші АҚШ-тың сионистік режимге әскери, ақпараттық және дипломатиялық қолдауы болып отыр",-деді.

Қалибаф: "Қазіргі таңда сионистік режим әлем халықтары үшін бұрын бетер жиренішті болып кетті. Режимнің достары арасында да оның күш-қуатына сенім қалмады",-деді.