Жел 13, 2023 17:13 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Израиль режимінің Газадағы адамгершілікке жатпайтын әрекеті ДАИШ сипатына ие

Иран Сыртқы істер министрі: «Сионистік режимнің Газа секторында тұтқынға алынған палестиналық азаматтарға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттері  осы режимнің ДАИШ болмысының үлгісі және белгісі болып табылады",- деді.

 

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан «Басып алынған Палестина аумақтарындағы адам құқықтарының жағдайы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және халықаралық гуманитарлық құқықтар» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі түрлі елдердің, соның ішінде кейбір араб және ислам елдерінің бірқатар сыртқы істер министрлері мен жоғары дәрежелі дипломаттардың қатысуымен өткен отырыста сионистік режимнің соңғы екі айда Газа секторында Палестина халқына қарсы әрекеттерін соғыс қылмыстары мен геноцидтің айқын мысалдары деп санады.

Амир Абдоллахиан сондай-ақ Израиль режимінің Газа секторына қарсы шабуылдарын және осы режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қылмыстарын дереу тоқтату мен гуманитарлық көмек жіберуді халықаралық қауымдастық, БҰҰ және бұл Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл міндеті деп жариялады. Ол Израиль режимінің Газа секторында тұтқынға алынған палестиналық азаматтарға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттері  осы режимнің ДАИШ болмысының үлгісі және белгісі ретінде атап өтті.

 

 

 

 

Тегтер