Жел 13, 2023 18:10 Asia/Almaty
  •   Ирандық робототехника студенттері Азия чемпионы  атанды

Иранның студенттер робототехника командасы Азия робототехника жарысында бірінші орынды жеңіп алды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық   студенттер 2023 жылы Малайзия ұйымдастырған Азия робототехника жарысының қорытындысында Қытай мен Малайзиядан жоғары тұрып, жарыс чемпионы атанды.

Иран командасының 4 студент тобы инновациялық лиганың үздік дизайнын ұсына алды және осы бөлімде бірінші орынмен марапатталды.

Иранның ұлттық студенттік робототехника командасының жетекшісі  Надер Нобахттың айтуынша, Исфахан, Керман, Шираз, Теһран және Карадж қалаларынан 34 студенттен тұратын ирандық команда Азиялық қарсыластарымен бағытты анықтаушы, инновация және техникалық есеп беруге қатысты жарысып, соңында чемпион атанды.

Айта кететін жәйт, Иран құрамасында дарынды қыздар болды және  олар жарыстарда бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді.

 

Тегтер