Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің үздіксіз қылмыстары ДАИШ-тен асып түсті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i74542-Амир_Абдуллахиан_Сионистік_режимнің_үздіксіз_қылмыстары_ДАИШ_тен_асып_түсті
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің үздіксіз қылмыстарын ДАИШ-тен де ауыр деп атап, мұны масқара жеңілістерді өтеу үшін жасап жатқанын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 18, 2023 18:33 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің үздіксіз қылмыстары ДАИШ-тен асып түсті

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің үздіксіз қылмыстарын ДАИШ-тен де ауыр деп атап, мұны масқара жеңілістерді өтеу үшін жасап жатқанын айтты.

Амир Абдуллахиан әлеуметтік желіде: "Газада соғыс басталғанына 70 күн болды. Сионистік режим ХАМАС-ты жоя алмады. Қарсыласу күштерін қарусыздандыра алмады. Сионистік тұтқындар соғыс арқылы азат етілмеді. Газа тұрғындарын мәжбүрлі түрде көшіру жобасы нәтиже бермеді",-деп жазды.  

Иран Сыртқы істер министрі: "Әйелдер мен балаларға қарсы соғыс қылмыстары жалғасып жатқанына қарамастан, қазірі таңда Палестина – осы теңсіз шайқастың кесімді жеңімпазы",-деп жазды.