Иран Сыртқы істер министрі: Тель-Авив кері санақты күтуі керек
(last modified Tue, 26 Dec 2023 11:21:57 GMT )
Жел 26, 2023 17:21 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Тель-Авив кері санақты күтуі керек

Сардар Сейед Рази Мусави сионистік лаңкестік шабуылда шәһид болғаннан кейін ИИР Сыртқы істер министрі: "Тель-Авив қатаң кері санақты күтуі керек",- деді.

 

Амирабдуллахиан осы шәһидтің отбасына және Иран мен Сирия халқына көңіл айту жолдауында: «Сардар Сейед Рази Мусави Сирияда лаңкестікпен күресудің кеңесшісі болды және ұзақ жылдар бойы шәһид қажы Қасем Сүлейманимен бірге Иран мен аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лаңкестермен батыл соғысты. Иран тиісті уақыт пен жерде сионистік режимнің лаңкестік әрекетіне жауап беру құқығын өзіне қалдырады",- деп баса айтты.

 

Тегтер