Раиси: Шәһид Сүлеймани – лаңкестікке қарсы күрес қаһарманы
(last modified Fri, 05 Jan 2024 17:40:47 GMT )
Қаң 05, 2024 23:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Шәһид Сүлеймани – лаңкестікке қарсы күрес қаһарманы

Иран Президенті: "Шәһид Сүлеймани – біздің қоғам үшін бір үлгі. Ол дипломатия мен майдан адамы және лаңкестікке қарсы күрес қаһарманы болатын",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шәһид Сүлейманидың шәһид болғанына төрт жыл толуына орай өткен еске алу рәсімінде: "Қажы Қасым атқарған іс дұшпандарға қарсы тұру және халық пен исламдық құндылықтарды қорғау үшін тиісті кадр даярлау болды. Ол ғылым, амал, саясат, руханият, дипломатия мен майдан адамы еді",-деді.

Раиси: "Жеңіске жету де, шәһид болу да оған нәсіп болды. Ол басып алынған жерлерді қайтара алды және жүректерден орын ала алды. Бұл – Құдайдың қалауы. Шәһид Сүлейманидың арамыздан кеткеніне бірнеше жыл болды, бірақ қарсыласу қозғалысы бар. Сендер қарсыласуды жойғыларың келе ме?! Қарсыласу қозғалысы жойылмақ емес. Дәл қазір Палестина халқы табанды қарсыласып жатыр. Сендер оларға төтеп бере аласыңдар ма? Көптеген адамның қарнын жарып өлтірген перғауынның тағдыры туралы оқыңдар. Он мың бала мен соншалықты бейкүнә адамдарды өлтіру жазасыз қалмайды деп сенеміз. Біз жуырда сионистік режимнің жойылуына куә боламыз",-деді.

Тегтер