Теһран жұма намазының имамы: ДАИШ – Америка мен сионистік режимнің белгісі
Теһран жұма намазының имамы Кермандағы лаңкестік қылмысқа және ДАИШ лаңкестік тобының осы қылмыстың жауапкершілігін мойынына алғанына тоқталып: «ДАИШ Америка мен сионистік режимнің белгісі",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Теһран жұма намазының имамы аятолла Сейед Ахмад Хатами Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік қылмысты айыптай отырып, Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін 17 мың Иран азаматының террор етілуіне тоқталып: "ДАИШ АҚШ және сионистік режиммен құрылған",- деп айтты.
Аятолла Хатами ДАИШ лаңкестік тобы шәһид генерал-лейтенант Қасем Сүлейманидің Мосулдағы ДАИШ-ті жойғаны үшін кек алуды көздеп отырғанына назар аудартып, Кермандағы лаңкестік оқиғада шәһидтердің қанының кек алынатынын баса айтты.