Иран мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері Газадағы  жағдайды талқылады
(last modified Fri, 12 Jan 2024 15:14:13 GMT )
Қаң 12, 2024 21:14 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері Газадағы  жағдайды талқылады

 Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранның Сыртқы істер министрімен Газа секторы мен оның төңірегіндегі жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті.

 

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бин Фархан бейсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен Газа секторы мен оның төңірегіндегі жағдай туралы телефон арқылы сөйлесті.

Амирабдуллахиан осы телефон қоңырауында Сауд Арабиясының Газадағы соғысты тоқтату және осы аймаққа гуманитарлық көмек жіберу мақсатында ислам және араб елдері басшыларының кездесуін өткізудегі әрекетіне тоқталып: "Осыған байланысты біз де Оңтүстік Африканың сионистік режимге қарсы Халықаралық сотқа шағым түсірудегі әрекетін қолдаймыз",- деді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан да екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кеңейіп келе жатқанына тоқталып: " Біз ИИР Президенті Раисидің  Сауд Арабиясына ресми сапарын күтудеміз",- деді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: "Газаға қарсы соғысты тоқтату үшін мүмкіндігінше қысым көрсетуді жалғастыруымыз керек",- деп айтты.

 

Тегтер