Сақшылар корпусы  аймақтағы лаңкестік топтардың штабының  жойылғанын мәлімдеді
(last modified Tue, 16 Jan 2024 10:41:54 GMT )
Қаң 16, 2024 16:41 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусы сейсенбі күні таңертең 3 бөлек хабарландыру жариялап, тыңшылық штабының жойылып, Иранға қарсы лаңкестік топтардың аймақтың бір бөлігін баллистикалық зымырандарымен жойғанын жариялады.

 

 

Бұл туралы Ислам революциясы Сақшылар корпусының №1 хабарламасында: "Исламдық Иран дұшпандарының жуырдағы лаңкестік қылмыстарына жауап ретінде аймақтың бір бөлігіндегі Иранға қарсы лаңкестік топтардың тыңшылық штабы мен жиыны Сақшылар корпусы баллистикалық зымырандарымен нысанаға алынып, жойылды",- деп айтылған.

IRGC өзінің №2 хабарламасында: "Лаңкестік топтардың Керман мен Раскідегі соңғы қылмыстарына жауап ретінде  лаңкестік қолбасшылардың жиналатын орындары мен соңғы лаңкестік әрекеттерге байланысты негізгі әсіресе ДАИШ элементтері Сирияның басып алынған жерлерінде анықталып, бірқатар баллистикалық зымырандармен атқылау арқылы жойылды. Ислам революциясының Сақшылар корпусы қай жерде болса да Иран халқына зиян келтіретін лаңкестік топтарды тауып, арсыз істері үшін жазалайтыны  туралы өз халқына уәде береді",- деп мәлімдеді.

Жақында «Джейш әл-Зұлым» лаңкестерінің Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан облысының Раск қаласындағы полиция штабына жасаған шабуылында Иран полициясының 11 қызметкері де шәһид болды.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы, сондай-ақ өзінің №3 хабарламасында: "Сионистік режимнің Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Қарсыласу майданы қолбасшыларын шәһид етудегі соңғы зұлымдықтарына жауап ретінде бұл режимнің аймақтағы штабтары мен қозғалыстарын бақылауға алып, баллистикалық зымырандарды ату арқылы Ирактың Күрдістан аймағындағы сионистік режимінің «Моссад» тыңшылық штабтарының  бірі нысанаға алынып, жойылды. Бұл штаб аймақтағы және әсіресе Ирандағы тыңшылық операцияларды дамыту және лаңкестік әрекеттерді жобалау орталығы болды",- деп көрсетті.

 

Тегтер