Иранның ішкі істер министрі Ауғанстанмен шекарада қабырға салуды теріске шығарды
Ақп 09, 2024 17:18 Asia/Almaty
Иранның Ішкі істер министрі елінің Ауғанстанмен шекарада қабырға салу жоспары жоқтығын баса айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Иран үкіметінің отырысының аясында Ахмад Вахиди Иран мен Ауғанстан арасындағы шекара қабырғасының құрылысы туралы сұраққа былай деп жауап берді: "Қабырға салу жоспар жоқ". Иранның Ішкі істер министрі елдің Пәкістан және Ауғанстанмен шекаралық бақылау жоспарының іске асырылуын жариялап, бақылауға алынбаған және оларды теріс пайдалану мүмкіндігі бар шекаралық аймақтарды шекаралық бақылау жоспарының басымдылығы деп мәлімдеді.