Иран Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы: Парламентке 15 мың кандидат бекітілді
(last modified Fri, 09 Feb 2024 13:00:42 GMT )
Ақп 09, 2024 19:00 Asia/Almaty
  • Иран Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы: Парламентке 15 мың кандидат бекітілді

Иран Сақшылар кеңесінің ақпарат өкілі: «Ислам кеңесінің кандидаттарының 15 мыңы бекітілді",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хади Тахан Назиф сұхбатында Ислам кеңесіне 15 мың үміткердің мақұлданғанын жариялап, былай деді: "Бұл мақұлданған кандидаттар санына сайлауға қатысатын кандидаттардың 73 пайыздан астамы кіреді. Ислам кеңесі сайлауы үшін мақұлданған кандидаттардың есімдері Ішкі істер министрлігіне жіберілді".

Ислам кеңесінің он екінші мерзімінің сайлауы 2024 жылдың 1 наурызында бүкіл Иранда Хобрегон (Эксперттер кеңесінің) сайлауының алтыншы мерзімімен қатар өтеді.