Хамадандағы Гянджнама сарқырамасының қысқы көрінісі
Ақп 19, 2024 15:03 Asia/Almaty
"Гянджнама" тарихи кешені – Иранның батысындағы Хамадан қаласының ең көне әрі әдемі туристік тартымдылықтарының бірі.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, таудың ортасында орналасқан "Гянджнама" туристік кешенінде ежелгі тарихи ескеркіштермен қоса, әдемі сарқырама бар. Ол қыста қар жауған кезде ерекше тартымды.
Гянджнама сарқырамасы Аббасабад сайында Ахеменилер заманына тиесілі тарихи тас тақташаның маңында орналасқан. Оның биіктігі – 12 метр.
Хамадан облысында "Гянджнама" туристік кешенімен қоса, Лалиджан қыш бұйымдары қаласы мен Әли Садр үңгірі бар.
Тегтер