Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Бушер АЭС-інде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторы іске қосылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i75962-Иран_Атом_қуаты_ұйымының_басшысы_Бушер_АЭС_інде_апаттық_диспетчерлік_бөлменің_симуляторы_іске_қосылды
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Бушер АЭС-інің бірінші бөлігінде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторын жобалау, дамыту, орнату және іске қосу жұмыстарының атқарылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 19, 2024 17:49 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Бушер АЭС-інде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторы іске қосылды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Бушер АЭС-інің бірінші бөлігінде апаттық-диспетчерлік бөлменің симуляторын жобалау, дамыту, орнату және іске қосу жұмыстарының атқарылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами: "Жобаны жергілікті мамандар жасады. Бұл апаттық-диспетчерлік бөлме симуляторын жасау саласында өзімізді қамтамасыз ету жолында үлкен қадам саналады",-деді.  

Мұхаммед Ислами: "Апаттық-диспетчерлік бөлме Бушер АЭС-інде басты диспетчерлік бөлме істен шыққан жағдайда қолданылатын болады",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Симулятордың барлық компьютерлік бағдарламалары біздің ұйымымыздың инженерлері тарапынан жобаланып, жасалды",-деді.