12 Әскери-теңіз күштерінің қатысуымен біріккен әскери-теңіз жаттығулары өтеді
Иран Армия теңіз күштерінің қолбасшысы Үнді мұхитының солтүстігінде он екі қуатты теңіз күштері мен ИИР-ның көршілерінің қатысуымен біріккен теңіз жаттығуларын өткізуді жариялады.
Адмирал Ирани ИИР-ның халықаралық сулардағы кеме қатынасын қамтамасыз ету миссиясының Бас қолбасшының бұйрығымен 2008 жылы басталғанын айтып, армияның стратегиялық теңіз флоты аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырғанына тоқталып: "Сол жылдан бастап армияның стратегиялық әскери-теңіз күштері Аден шығанағы мен Үнді мұхитының солтүстігінде елдің экономикалық магистралінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін атқарып келеді",- деп мәлімдеді. Адмирал Ирани елінің кеме жолдарының қауіпсіздігін армияның үш теңіз флоты теңіздің үш нүктесінде қамтамасыз етіп жатқанын хабарлап: «Аталған нүктелерде басқа елдер көмек сұраса да немесе сұрамаса да, оларға қолдау көрсетіледі. Мүндай жағдай болып, Исламдық Иранның армияcsның әскери-теңіз флоты көмекке асыққан.