Ақп 21, 2024 18:35 Asia/Almaty
  • Ислами: Ауыр судың тазалығы жағынан әлемде бірінші орындамыз

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы: "Бүгінгі таңда біз ирандық ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі болып табылатын жоғары сапалы ауыр суды өндіруде ауыр судың сапасы мен тазалығы бойынша әлемдік тізімнің басында тұрмыз",- деп мәлімдеді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Ислами Иранның ядролық өнеркәсібіндегі ілгерілеушілікке тоқталып: "Атом өнеркәсібі Иранды көптеген ядролық салалар мен тақырыптарда әлемнің үздік бес елінің қатарына қосты. Біз әлемдік нарықта ауыр суды жеткізу және экспорттауда үлеске ие бола алдық. Ауыр суды өндіруден әртүрлі салаларда, соның ішінде микроэлектроника саласында және кейбір жаңа дәрі-дәрмектерді өндіруде көптеген басқа өнімдерді шығаруға болады",- деді.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы сөзінің жалғасында: "ИИР-ның жаңа технологиялар саласына кіруі тыйым салынған аймаққа кіруді білдіреді. Яғни, Иранның ядролық мәселесіне қатысты шиеленіс қаншалықты болса, ғарыш мәселесіне қатысты да шиеленіс бар",- деп айтты.

 

 

Тегтер