Иран Президенті Алжирге барады
(last modified Thu, 29 Feb 2024 13:02:48 GMT )
Ақп 29, 2024 19:02 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Алжирге барады

Иран Президенті Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысына қатысу үшін Алжирге барады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту және мұсылман әрі жақтас елдермен қарым-қатынасты кеңейту үшін Алжир Президенті Абдулмаджид Теббунның ресми шақыруымен сенбі күні таңертең жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Алжир қаласына аттанады.   

Иран Президенттері төртінші рет Алжирге ресми сапармен барады. Соңғы рет 14 жыл бұрын Иранның оныншы үкіметінің басшысы осы елге барған болатын.

Алжирге сапардың бірінші күні Ибрахим Раиси Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысына қатысып, сөз сөйлейді және отырыс аясында басқа елдердің жоғары лауазымды басшыларымен екіжақты кездесіп, кеңеседі.