Иран Пәкістанмен қарым-қатынастың нығаюын құптайды
Ибраһим Раиси Иран Пәкістан халқы мен үкіметі арасындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың нығаюына үміт білдірді.
Дүйсенбі күні кешке Мұхаммад Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесіп, оны Пәкістанның жаңа премьер-министрі болып сайлануымен тағы да құттықтаған Ибрахим Раиси екі елдің халқы мен үкіметі арасындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың нығаюына үміт білдіріп: «Жаңа дәуірдегі екі елдің халқы мен үкіметінің қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы Теһран мен Исламабад басшыларының ерік-жігері мен әдептілігімен мүдделі салаларда бұрынғыдан да кеңеюі керек»,- деді.
ИИР Президенті Иран-Пәкістан қарым-қатынастарының терең тарихи және мәдени байланыстар мен жақындыққа негізделгенін атап: «Иран көршілерімен және исламдық елдермен қарым-қатынастарды нығайту және тереңдету саясаты аясында дос және бауырлас Пәкістан Ислам Республикасымен екіжақты, аймақтық және халықаралық өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастар деңгейінің жақсаруын құптайды»,- деп айтты.