«Отбасы денсаулығы» жобасы жаһандық деңгейде Иран атынан тіркелді
(last modified Fri, 15 Mar 2024 12:09:13 GMT )
Нау 15, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • «Отбасы денсаулығы» жобасы жаһандық деңгейде Иран атынан тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Отбасы денсаулығы бағдарламасын» ИИР-ның бастамасы деп санап, ДДСҰ Еуропалық аймақ ресми өкілінің мәлімдемесіне сүйене отырып, бұл бағдарлама Иранның атынан жаһандық деңгейде тіркелді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің Қазақстандағы отырысына қатысқан Денсаулық сақтау министрі Бахрам Айнуллахи бұл отырыста Иранның денсаулық сақтау, фармацевтика және медициналық құрал-жабдықтар саласындағы жетістіктерін таныстырды. Олар ДДСҰ мен осы ұйымға мүше елдердің қайраткерлерінің назарына ілікті. Шанхай саммитіне мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің 7-ші отырысында Иранның қауіпсіз суға қол жеткізуі мен осы саладағы денсаулық сақтау мәселелерін мәлімдеді.

Осы отырыс алаңында Айнуллаһи Иранның денсаулық сақтау саласында көптеген және алуан түрлі жетістіктерге қол жеткізгенін айтып: «Бұл жетістіктерді Шанхайға мүше елдер байқады және бұл елдер Иран Ислам Республикасымен академиялық ынтымақтастықты, сондай-ақ медицина және медициналық жабдықтар саласындағы ынтымақтастықты талап етеді",- деді.

Иранда адамдардың қауіпсіз ауыз суға қол жеткізу үрдісі артып келеді және отбасылық денсаулық жоспары қоғам денсаулығының негізгі осі болып саналады.