Иран Президенті Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтты
(last modified Sun, 24 Mar 2024 10:52:48 GMT )
Нау 24, 2024 16:52 Asia/Almaty
  •   Иран Президенті Ресей үкіметі мен  халқына көңіл айтты

ИИР Президенті жолдауында Ресей президенті, үкіметі және халқына Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залындағы лаңкестік әрекетте көптеген бейкүнә Ресей азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.

 

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Сейед Ибрахим Раиси кеше сенбі күні Ресей Федерациясының президенті В.В.Путинге жолдауында Мәскеудегі лаңкестік оқиғада бейкүнә адамдардың қаза болуына көңіл айтып, бұл оқиғаны қатаң айыптады. Ол Ресей билігінің осы елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау жөніндегі күш-жігерін қолдады, сондай-ақ халықаралық қауымдастықты осы оқиғаның жобалаушылары  мен орындаушыларын жазалау үшін салмақты әрекетке шақырды.

Бұған дейін ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Мәскеудің шетіндегі сауда орталығында болған лаңкестік әрекетті айыптап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтып: "Терроризмге қарсы бірлескен және тиімді күрес халықаралық қоғамдастықтың шынайы әрекетін талап етеді",- деді.

 

Тегтер