Ирандықтардың Ислам республикасын таңдауына жол ашқан референдум жайлы 5 жайт
(last modified Mon, 01 Apr 2024 15:42:45 GMT )
Сәу 01, 2024 21:42 Asia/Almaty
  • Ирандықтардың Ислам республикасын таңдауына жол ашқан референдум жайлы 5 жайт

12 фарвардин – Ислам республикасы күні. Бұл тарихи күн Иранның революцияшыл халқының ел тағдырын анықтап, ұлттық абыройды сақтаудағы ерік-жігері мен талап-тілегінің шынайы көрініс тапқан кезі болды.

Бұл күні Иранның ұлы халқы диктаторлық жүйеге қарсы күрестерінің жемісін көрді.

Бұл мақалада Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иранда өткен Ислам республикасы жүйесін орнату туралы референдумның барысына шолу жасаймыз.

  1. Уақытша үкіметтің құрылуы

Х.ш.ж.с.б. 1357 жылы 17 бахманда, яғни имам Хомейнидің Иранға келгенінен 5 күн өткен соң имамның бұйрығына сәйкес саяси қайраткер Базарган уақытша үкімет құруға тапсырма алды.

Уақытша үкіметтің міндеттерінің бірі Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін халықтың дауысы негізінде саяси жүйені анықтау мақсатында референдум өткізу болды. Бұл – әлем тарихында бұрын-соңғы болмаған оқиға.

  1. Ислам республикасын таңдау
Image Caption

Х.ш.ж.с.б. 1358  жылы 10-11 фарвардинде Иранның түкпір-түкпірінде "Ислам республикасы" деген саяси жүйені қабылдау-қабылдамау туралы референдум өтті.   

Х.ш.ж.с.б. 1358  жылы 12 фарвардинде, сәйкесінше 1979 жылы 1 сәуірде жарияланған референдум нәтижесі бойынша референдумға қатысқандардың 98 пайызы Иранда Ислам республикасы жүйесінің орнауына келісім берді.

Соған орай 12 фарвардин Иран күнтізбесінде Ислам республикасы күні деп белгіленді.

Image Caption
  1. Имам Хомейнидің жолдауы

Хазірет имам Хомейни (р.) осы тарихи оқиға әрі Иран халқының мәңгілік ерлік дастанына орай жариялаған жолдауында былай деді: "12 фарвардиннің таңы, "Алла" билігінің бірінші күні – біздің ең үлкен ұлттық және діни мерекелеріміздің бірі. Халқымыз бұл күнді тойлап, тірі сақтауы тиіс. Бұл күні пұтқа табынушылар билігінің 2500 жылдық қамалының іргесі сөгіліп, сайтанның үстемдігі мәңгіге келмеске кетті. Құдайдың билігі саналатын езілгендердің билігі оның орнын басты. Алла тағала бізге мейірімін төгіп, өз қолы – езілгендердің ұлы күшімен үстемшіл режимді құлатып, біздің халықты езілген халықтардың көшбасшысы етті. Ислам республикасы құрылғаннан кейін оларға "мұрагерлік құқығын" берді".

  1. Ислам республикасының мәні

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін осы революцияның жетекшісі имам Хомейни Құдай мен халық құқықтарын бір үкіметте тоғыстыру теориясын ұсынды. Оны "Ислам республикасы" жүйесі қалыбында әлемге ұсынды. Мұны халық пен зиялы қауым қолдады.

"Республика" сөзі "халық билігі" деген мағына береді. Революциядан кейін осы сөзді жүйеге қосу оның халықтық сипатын көрсетеді, өз тағдырын анықтауда халық дауысының әсері зор екенін білдіреді.

"Исламдық" сөзі оны басқа республикалардан бөлектеп тұрады. Жүйенің құрамдас бөліктерінде Құран мен илаһи құндылықтардың басшылыққа алынатынын көрсетеді.

Ислам республикасы жүйесінде әрбір адамның дауысы мен пікіріне зор маңыз беріледі. Мұсылман халық арасынан шыққан билеушілер қоғамды ізгілендіруді қамтитын исламдық арман-мақсаттарды орындау жолында еңбек етеді.   

Имам Хомейниден кейін Ислам революциясының жетекшісі болып тағайындалған аятолла Хаменеи "Ислам республикасы" тіркесін түсіндіре келіп, былай дейді: "Ислам республикасы сөзбе-сөз мағына тұрғысынан екі тұғырға негізделген. Біріншісі – халық республикасы. Яғни елдегі әрбір адам мемлекеттік құрылымдарды басқаратындарды тағайындайды. Екіншісі – исламдық билік. Яғни халықтың әрекеті ислам шариғаты мен идеологиясына негізделеді. Бұл бір – табиғи нәрсе. Бүкіл халқы мүмін әрі мұсылман, тарих бойында исламға беріктігін дәлелдеген елде билік халықтікі болса, яғни исламдық деген сөз".

  1. Әлемге әсері

Х.ш.ж.с.б. 1358  жылы 12 фарвардинде Ислам республикасының жариялануы әлемнің езілген халықтары арасында жаңа ой мен әрекеттің дәнегін екті.  

Шын мәнінде Ислам революциясы батыстық және коммунистік үлгілерден үмітін үзген халықтарға дінге негізделген жаңа қоғам құруға қажет мықты ой мен ерік-жігер берді.  

Әлемде жапа шеккен адамдар монотеистік діни тағылымдар мен Иран халқы сияқты ұлттық ерік-жігерге сүйену арқылы қиыншылықтарды жеңе алатынын және халық қалайтын үкімет құра алатынын түсінді. Құранда сүйіншіленген езілгендердің үстемшілдерді жеңетіні туралы уәде – осы.  

Тегтер