Иранның оңтүстік-шығысында болған лаңкестік шабуылда 15 лаңкестің көзі жойылды
(last modified Thu, 04 Apr 2024 13:48:03 GMT )
Сәу 04, 2024 19:48 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстік-шығысында болған лаңкестік шабуылда 15 лаңкестің көзі жойылды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Иранның оңтүстік-шығысында болған 3 лаңкестік шабуылда осы күнге дейін 15 лаңкестің көзі жойылды",-деді.

Сионистік режимге бағынатыны қауіпсіздік есептерінде сан рет жарияланған "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобы сәрсенбі күні бір мезгілде әрекет етіп, Сақшылар корпусының Раск пен Чабаһар аудандарындағы екі әскери пунктті басып алуға тырысты. Иран қауіпсіздік күштерінің талпынысы арқасында бұл лаңкестік топтың жоспары алғашқы сағатта-ақ сәтсіздікке ұшырады.  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы сардар Мұхаммед Пакпур бейсенбі күні бір мезгілде бірнеше жерде лаңкестік әрекеттер болғанын, барлық лаңкестердің жарылғыш желеткесін кигенін айтып: "Тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көзі жойылған лаңкестер саны артуы мүмкін",-деді.

Сақшылар корпусы қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы лаңкестік топтардың Чабаһар ауданындағы 2 пункті, соның ішінде теңіз бақылау пункті мен №11 полиция бөлімшесіне шабуыл жасағанын айтып: "Лаңкестер күзетшілерді нысанаға алуға тырысты. Бұл жерде 5 лаңкестің көзі жойылды",-деді.

Сардар Пакпур: "Сақшылар корпусы қауіпсіздік күштері кіргеннен кейін барлық тұтқындар босатылды. Арнайы бөлімше ауданда тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің қолбасшысы: "Осы қақтығыста қауіпсіздік күштерінен 5 адам шәһид болды. Соның ішінде Тәртіп күштерінен үш адам, Сақшылар корпусынан екі адам қаза тапты",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштері қолбасшысының айтуынша, қазіргі таңда Раск пен Чабаһар аудандарында қауіпсіздік жағдайы тұрақты.

Тегтер