Жұма күні – азат халықтардың сионистік режимге қарсы наразылық күні
Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні кешке елдің қарулы күштерінің басшылары, Ислам республикасы жүйесінің жауап басшыларымен кездесуінде сионистік режимнің "әл-Ақса дауылы" операциясында жеңіліске ұшырап, Газаға шабуылдан көздеген мақсаттарына қол жеткізе алмағанын айтып: "Биылғы Құдс күні, бұйырса, Иран халқы мен әлемнің азат мұсылман халықтары жарқырай көрінген, узурпатор сионистік режимге қарсы халықаралық наразылық күніне айналады",-деді.
Имам Хомейни Газа мәселесінің қоғамдық пікірдегі басымдықтан шығып қалуына жол бермеу керегін айтып, сионистік режимнің қылмыстары, соның ішінде геноцид, жаппай қырып-жою, әйелдер мен балаларға шабуыл, науқастар мен ауруханаларға шабуылдарды кейінгі кезеңдердегі тарихта болмаған сұмдық оқиғалар деп атап: "Қылмыстардың ауырлығы соншалық, тіпті Батыс мәдениетінде, Еуропа мен Америкада өскен адамдар да наразылық білдіріп жатыр",-деді.
Аятолла Хаменеи алты айлық соғысқа қорытынды жасай келіп, сионистік режимнің екі аспектіде жеңіліске ұшырағанын айтып: "Олардың бірінші жеңілісі 15 мехрде/7 қазанда "әл-Ақса дауылы" операциясында болды. Әскери барлау саласында үздікпіз деп уәж айтқан сионистік режим мүмкіндігі шектеулі бір қарсыласу тобынан барлау тұрғысынан жеңіліс тапты. Сионистік режимнің бұл масқара жеңілісі ешқашан ұмытылмайды",-деді.
Аятолла Хаменеи сионистердің екінші жеңілісін Газаға шабуылдан көздеген мақсаттарына жете алмауы деп атап, сионистік режимнің АҚШ-тың жан-жақты саяси, қаржылай және әскери қолдауына ие болып отырғанына, соның ішінде АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына вето жариялап отырғанына, соңғы қарарды орындауға міндетсіз қылғанына тоқталып: "Осыншама қолдауға қарамастан сионистер тіпті жариялаған мақсаттарының біреуіне де жете алмады",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі: "Олар қарсыласу күштері, әсіресе ХАМАС-тың жойылуын қалады. Ал қазір ХАМАС, ислам джиһады мен Газаның қарсыласу күштері қиыншылықтарға төзіп, басқыншы сионистік режимге соққы беріп жатыр",-деді.
Аятолла Хаменеи сионистік режимнің жазықсыз әйелдер мен балаларды айуандықпен өлтіруін олардың қарсыласу жауынгерлеріне қарсы дәрменсіздігінің белгісі деп атап: "Сионистер одан ары жеңіле беретіні сөзсіз. Сириядағы сияқты үмітсіз талпыныстары олардың қиыншылықтарын шеше алмайды. Оларға қатаң жауап берілетіні анық",-деді.
Аятолла Хаменеи сионистердің өздері құрған қақпаннан шығуы мүмкін емес екенін айтып: "Сионистік режим күн өткен сайын әлсіреп, жойылуға жақындап келеді. Біздің жастарымыз Қасиетті Құдстың мұсылмандардың ықтиярына берілген күнін көріп, сонда намаз оқып, ислам әлемі басқыншы режимнің жойылғанын тойлайды деп үміттенемін",-деді.
Аятолла Хаменеи Иран Ислам республикасы жүйесінің құрылуын ислам әлемі үшін үлкен мұрсат деп атап, ислам жүйесінің қуаты күн сайын артып, дұшпандар әлсіреп бара жатқанын айтып: "Әл-Ақса дауылы" операциясынан кейін аймақта саяси теңгерім мен қарсыласу өзегінің жағдайы өзгерді. Болашақта бұдан да зор өзгеріс болады. «Ислам, қарсыласу өзегі және Иран Ислам Республикасының» дұшпандары бұл өзгерістерді қабылдауға мәжбүр болып, ислам қоғамында және бұл аймақта билік ете алмайтындарын түсінуі тиіс",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде сондай-ақ халықтың игілігі үшін еңбек етуді, елді дамытуға талпынуды Алла үшін еңбек деп атап: "Халықтың қиыншылықтарының түйінін шешуге тырысу – илаһи ниетке ие болу деген сөз. Алла бұл әрекетті жарылқап, сауап беретіні анық",-деді.
Аятолла Хаменеи "Халықтың қатысуымен өндірістік серпіліс жасау" ұранын орындау жолындағы қажет және қажет емес істерді түсіндіріп, мемлекеттің араласуы мәселесіне тоқталып, осы араласушылықты азайту керегін айтып: "Халықтың қаржылық және интеллектуалдық қуаты мен бастамасын қолданудың елге тигізер пайдасы көп",-деді.
Ол адами әлеуеттердің маңыздырақ екенін айтып: "Иран халқының таланты мен ақыл-ойы әлемдік деңгейден жоғары. 36 млн жастың 14 млн-ы жоғары білімге ие. 3 млн студент бар. 100 мыңнан аса ғылыми кеңес, 150 мыңнан аса дәрігер бар. Бұл Иранның теңдессіз адами капиталы саналады",-деді.
Аятолла Хаменеи бұдан әрі елдің ерекше мүмкіндіктеріне сүйене отырып, халықтың экономикалық жағдайды жақсартуға деген үмітін орындауға болатынын айтып: "Иранда 64 маңызды кен орны бар. Бұл әлемнің табиғи қорының шамамен 7 пайызын құрайды. Иранда әлем халқының тек 1 пайызы тұрады. Бұл бізге өте қолайлы мүмкіндік болып отыр",-деді.
Иранда егін егуге жарамды шамамен 37 млн га жер бар. Осы ауқымды жерді сумен қамтамасыз етуді басқару мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ Иран болат пен цемент сияқты өнімдерді өндіру бойынша әлемде жоғары орындарға ие. Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде осындай табиғи әлеуеттерге тоқталып өтті.