Дүниежүзілік Құдс күніндегі ирандық шерушілер: Сионистік режимді өкінтерлік жойқын жауап күтіп тұр
Дүниежүзілік Құдс күнінің шерушілері қорытынды мәлімдеме жасап, Газа халқына қолдап, сионистік режимнің Сириядағы Иран елшілігіне шабуылын айыптап: "Сионистік режимді өкінтерлік жойқын жауап күтіп тұр",-деп баса айтты.
Бүгін, жұма 2024 жылдың 5 сәуірі, сәйкесінше х.ш.ж.с.б. 1403 жыл 17 фарвардин, х.қ.ж.с.б. 1445 жыл 25 рамазан – Дүниежүзілік Құдс күні.
Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) бастамасымен Рамазан айының соңғы жұмасы "Дүниежүзілік Құдс күні" деп аталған.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, жұма Иранның түкпір-түкпіріндегі 2 мыңнан аса қала мен ауылда, соның ішінде Теһран, Мешхед, Құм, Исфахан мен Ширазда Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шерулер өтті.
Шеруге қатысушылар қорытынды мәлімдеме жасап, Палестина халқын қолдап, сионистік режимнің қылмыстарына жиреніш білдіріп, айыптаумен қоса: "Әл-Ақса дауылы" операциясы және Газа секторы халқы мен палестиналық күрескерлердің 183 күндік табандығы қарсылығы басқыншы сионистік режимнің жалған болмысымен күресте тағдыр шешер бетбұрыс нүктесі болды. Израиль деп аталатын обыр ісігін ислам әлем географиясынан жоюдың кері санағын жылдамдатты",-деп мәлімдеді.
Мәлімдеменің жалғасында шерушілер АҚШ-қа Газа соғысын басқарып, сионистерге жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан басты айыпталушы ретінде ескерту жасап: "Батыс Азияда сионистік режим жасап жатқан қылмыстар мен геноцидке ортақтасып, бұдан да көп қаражат жұмсамаңыздар. Өз саясатыңызды қайта қарап, бұдан әрі АҚШ халқының абыройын Газада әйелдер мен балаларды өлтіріп жатқандардың құрбаны қылмаңыздар",-деді.
Дүниежүзілік Құдс күнінің шерушілері қорытынды мәлімдемеде кейбір араб және ислам мемлекеттері тарапынан жалған режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру туралы жобаны жалғастыруға қатысты сөздердің айтылуын айтып: "Бұл мемлекеттер өз халықтарының бала өлтіргіш режиммен экономикалық байланысты тоқтатып, бойкот жариялау туралы талаптарына жауап беріп, қазіргі қылмыстар мен қиыншылықтардан құтқару үшін Палестина мен Газа халқына көмектесіп, Газа секторында тұрақты бітім орнатуға бар күшін салуы керек",-деді.
Шерушілер сондай-ақ Иранның қорғаныс қуатын арттыруды жалғастыру керегін айтып, дұшпандарға: "Ирандықтардың қызыл сызығы болып табылатын бұл саланы әлсірету немесе қол сұғу туралы армандамай-ақ қойыңыздар. Қандай да бір қателік жасалса, елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаушылар тарапынан өкінтерлік жойқын жауап қайтарылады",-деп ескертті.
Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесінің жалғасында шерушілер сионистік режимнің Сириядағы ИИР елшілігінің консулдық бөліміне шабуылын және кеше, 4 сәуірде "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобының Раск пен Чабаһар аудандарына жасаған лаңкестік шабуылдарын айыптап: "Сионистік режим бұл әрекетті Газа секторында өздері жасаған батпақтан қашып, қарсыласу күштерінен ойсырай жеңілгенін жасыру үшін жасады. Бұл обыр ісігінің жуырда жойылуынан басқа нәтиже бермейді. Оларға өкінтерлік жойқын жауап берілері анық",-деді.