Теһран жұма намазының құтпагері: Сионистік режим қылмыс символына айналды
Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режимнің палестиналық әйелдер мен балаларды қырып-жоюдағы қылмысына тоқталып: "Бала өлтіргіш жалған режим халықаралық құқық жүйесінде қылмыс символына айналды",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма намазының құтпагері Мұхаммед Хасан Абуторабифард бүгін Теһранда сөйлеген сөзінде Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруін Палестина халқы мен Газа секторында майданның алғы шебінде жүрген күрескерлерге мықты да теңдессіз тірек деп атап: "Жазықсыз палестиналықтарды қырып-жою, 70 мыңға жуық тұрғын үй, 227 мешіт, 100 мектеп пен университетті қирату, 22 аурухананы бомбалап істен шығару, Газа секторын толық қоршауға алу – осының барлығы бала өлтіргіш жалған режимді халықаралық құқық жүйесінде қылмыс символына айналдырды",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері 2023 жылы 7 қазанда болған "әл-Ақса дауылы" операциясының сионистік режимнің саяси-экономикалық және әскери құрылымын және оның демеушілерін сілкіп алғанын айтып: "АҚШ-тың әлем мен аймақтағы орнына қатер төніп тұр. Ал сионистік режим үлкен жеңілісті бастан кешіріп жатыр",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ сионистік режимнің Дамасктағы Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуылына тоқталып, мұны Израильдің Газа соғысындағы тығырықтан шығуға талпынысы деп атап: "Тель-Авивтің күйреген тежегіш күшін қалпына келтіру үшін Дамаскта жасаған әрекетінде еш әскери-стратегиялық мән жоқ",-деді.
Мұхаммед Хасан Абуторабифард: "ИИР дұшпанның шабуылына тиісті жауап беру үшін сабырлы да нақты әрекет етіп, жау жоспарын бұзатыны анық",-деді.