Израильдің адамзатқа қарсы режимін  жазалау. Аятолла Хаменеи: Сионистік режим жазаланады
(last modified Wed, 10 Apr 2024 12:24:42 GMT )
Сәу 10, 2024 18:24 Asia/Almaty
  • Израильдің адамзатқа қарсы режимін  жазалау. Аятолла Хаменеи: Сионистік режим жазаланады

Аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні таңертең Ораза айт уағыздарында Израиль режимінің Дамасктегі Иран консулдығына жасаған шабуылына тоқталып: "Халықаралық әдет-ғұрып бойынша кез келген елдің консулдығы мен елшілігіне жасалған шабуыл сол елдің аумағына жасалған шабуыл деп есептеліп, зұлым сионистік режим бұл қылмысы үшін жазалануы керек және жазаға тартылады",- деп баса айтты.

 

Аятолла Хаменеи Иран халқының сионистік режимнің шабуылының шәһидтері, атап айтқанда Захеди мен Рахими және олардың серіктеріне  аза тұтуына назар аудартып: "Олар ұзақ жылдар бойы шәһид болуға ұмтылды және Алла Тағала олардың еңбектерін бағалап, оларға тілегендерін сый етті",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Ораза айт намазына арнаған уағыздарындада Газадағы қанды оқиғаларды мұсылман халықтарының Рамазан айындағы ащы күйзелістерінің себебі деп  тауып, басып алушы сионистік режимнің қасиетті айда қылмыстарын жалғастырғанына тоқталып: "Зұлым режим қарсыласу кұштеріне қарсы тұра алмағандықтан, ана құшағындағы балаларды, ауруханаларда науқастарды өлтіріп, отыз мың ер, әйел, балалар мен жастарды дүние жүзінің көз алдында жауыздықпен шәһид етеді",- деп мәлімдеді.

Ол Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ пен Англияның сионистерге әскери, саяси және экономикалық қолдау көрсетуін қатаң айыптады: "Газа оқиғасында бұл үкіметтер әлемге Батыс өркениетінің зұлымдық сипатын көрсетті. Әрине, біз де, батыс өркениетін сынаушылар да бұл өркениеттің мәні рухани және адами қасиеттер мен құндылықтарға дұшпандық пен қыңырлық екенін талай рет айтқанбыз. Жалған сионистік режимді қолдайтын үкіметтердің қызметі Газадағы оқиғалардың алты айында осы шындықты ашты".

Аятолла Хаменеи адам құқықтарын қорғау айқайларына сілтеме жасай отырып, адам құқығы туралы батыстық жар салушыларға сұрақ қойды: "Газадағы 30 000 астам жазықсыз және баспанасыз шәһидтер адам емес пе, неге батыстықтардан үн естілмейді?"

Бүгін ирандықтар исламдық Иранның түпкір-түпкірінде  Ораза айт намазын оқыды.

Теһранда Имам Хомейни атындағы діні-мәдени кешенде Ораза айт намазы оқылды

 

Бірлікке мән беру Ислам революциясы жетекшісінің Ораза айт намазының уағыздарындағы соңғы кеңесі болды. Ол: "Барша халық, жастар, саяси-қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері ұлттың табысы таухидте екенін білуі керек. Әрине, саяси және саяси емес келіспеушіліктердің айыбы жоқ, бірақ жалған алауыздық туғызу ұлттың дініне, дүниесіне зиянын тигізіп, елді әлсіретеді",- деді.