Теһран жұма намазының имамы: Сионистік режим өзінің құлдырауын бастан кешіруде
(last modified Fri, 12 Apr 2024 16:06:38 GMT )
Сәу 12, 2024 22:06 Asia/Almaty
  •  Теһран жұма намазының имамы: Сионистік режим өзінің құлдырауын бастан кешіруде

Теһран жұма намазының имамы Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын айыптай отырып: «Сионистік режим өзінің құлдырауын бастан кешіруде",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Теһран жұма намазының имамы Казем Сыддиқи Ислам әлемінің басты мәселесінің Газа екеніне назар аударып, Газа халқының сабыры, құрбандығы және күресінің шыңында екенін білдіретініне назар аудартып: "Газа халқы 33 000-нан астам шәһидтерді ұсынды және осы жалған режиммен билікпен күресуді жалғастыруда; Сионистік режим өзінің құлдырауын бастан кешіруде және өзі құрған тұзаққа түсіп қалды және одан құтылуға жол жоқ және ол жойылады",- деді.

Исламдық үкіметтердің өз халқының қалауына қарсы бұл режиммен байланысын үзбегенін сынаған Седдиқи былай деп айтты: "Қарсыласу майданының қарсыласуына, құрбандығына және қаһармандығына қарамастан үкіметтер өз міндеттерін орындамай ғана қоймайды, Америка мен Еуропа балалар мен әйелдердің қанын көріп сионистік режимге көмектесуде".

Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдары нәтижесінде 33 500-ден астам адам шәйіт болып, 76 мыңнан астамы жарақат алды.