Сәу 14, 2024 18:53 Asia/Almaty
  • Иранның сионистік режимге қарсы

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Иранның әскери күштерінің бірі ретінде жексенбі күні таңертең, 20240 14 сәуірде басып алынған жерлердегі стратегиялық маңызы бар объектілерге жүздеген зымыран мен ұшқышсыз ұшақ атты.

Осы мақтанышқа толы тарихи амалдың айтары көп. Солардың бірқатарына Йадолла Джавани тоқталып өтті.

  1. Ирандық шыншылдық

Бұл әскери операция "Шын уәде" деп аталды. Сонда дос та, дұшпан да ИИР-дың айтқан сөзін орындайтынын білетін болады. Осы амал Ислам революциясы жетекшісінің "Соққы беріп, қашып кететін кез бітті" немесе "Бір соққы берсеңіз, он соққы жейсіз" деген сөздерінің жаны бар екенін, қисынды екенін көрсетті.

  1. Заңды қорғану принципі

ИИР операциясы – БҰҰ жарғысы негізінде қорғаныс принципі аясында жасалған толығымен дұрыс әрекет. "Шын уәде" әскери операциясы сионистік режим басқыншылықтары мен қылмыстарына, соның ішінде олардың Дамасктағы ИИР елшілігінің консулдық бөліміне шабуылына және Сириядағы бірқатар ирандық әскери кеңесшіні шәһид еткеніне жауап болды.

  1. Иран өзінің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мәселесіне өте байсалды қарайды

"Шын уәде" әскери операциясы дәл қазіргі жағдайда Иран халқы үшін ұлттық қауіпсіздікті сақтау, дұшпанның қоқан-лоқыларына қарсы әскери тежегіш деңгейін жоғарылату мақсатында қажет іс еді.

  1. Иранның күш-қуатынан бір шағын көрініс

"Шын уәде" әскери операциясы шынайы түрде Иран халқының әскери күш-қуатынан бір шағын көрініс көрсетті. Дұшпандар бәрінен бұрын осы жайтқа көбірек көңіл бөліп, ойланып, бұдан былай Иран халқына қатысты есептеуде қате жібермеуі тиіс.

  1. "Темір күмбез" өтірігі

"Шын уәде" әскери операциясы барысында "Темір күмбез" әуе-қорғаныс кешенінің қауқарсыздығы одан ары әшкерелене түсті. Толығымен Иранда жасалып, ұзақ қашықтықтан ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың жартысынан көбі әуе-қорғаныс кешенінен өтіп, көздеген нысанаға дөп тиді.  

  1. Израильдің басқыншылығын жалғастыруына қатысты ескерту жасалды

ИИР "Шын уәде" әскери операциясының алдында және барысында ашық түрде: "Сионистік режимнің кез келген реакциясы басқа бір басқыншылық саналады. Бұған ауырырақ жауап беріледі",-деп мәлімдеді.

  1. АҚШ-қа ескерту

АҚШ Иранның жолдауына байсалды қарауы тиіс, Иранға қарсы ықтималды әрекеттерде сионистік режимді қолдаудан бас тартуы керек. Америкалықтар есептеуде қате жіберіп, сионистік режимге жақтасқан жағдайда өздерінің аймақтың және трансаймақтық базаларының Иран мен қарсыласу күштері алдында тым осал екенін біледі.

  1. Аймақтың қауіпсіздігін сақтауда көршілес елдердің ынтымақтастығы маңызды

ИИР сан рет жариялағандай, тату көршілестік және ортақ мүдделер негізінде аймақ елдерінің бәрімен, әсіресе көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтуды қалайды. Мына жолдауды да аймақтағы барлық мемлекеттерге ашық жеткізді: Есептеуде қате жіберіп, Иран халқына қарсы дұшпанға жер мен әуе кеңістігін берген елдер заңды нысанаға айналады.

  1. Иран халқының ұлттық ерік-жігері

Иран халқы Сақшылар корпусының сионистік режимге қарсы шабуылын және осы режимнің қылмыстарына жойқын соққы беруін қолдап, от жағып, билеп тойлад. Бұл операцияның көпшіліктің талабы, ұлттық ерік-жігердің көрінісі болғанын көрсетеді.

  1. Ирандық операцияның аймақтық және халықаралық заңдылығы

Аймақ пен одан тыс жерлердегі халықтың "Шын уәде" әскери операциясына қолдау білдіріп, қуануы  ИИР әрекетінің халықаралық заңдылыққа ие екенін көрсетеді.  

  1. Иранның дұрыс қорғаныс саясаты – әлем үшін үлгі

Сионистік режимнің қылмыстарына жауап беру және қорғаныс мақсатында жасалған "Шын уәде" әскери операциясы ИИР үкіметі мен Ислам революциясы жетекшісінің өткен бірнеше онжылдық барысында елдің қорғаныс қуаты мен зымырандық қабілетін нығайтуға негізделген дұрыс реалистік саясат ұстанғанын көрсетті. Бұл әлемдегі басқа тәуелсіз мемлекеттер мен халықтар үшін үлгі бола алады.

  1. Иранның Құранға негізделген дұрыс дүниетанымы

Ең маңызды жайт: Иран халқы мен Қарулы күштері ақыр соңында хақтың жалғанды жеңетініне имандай сенеді. Сионистік режим қандай шешім қабылдап, нендей саясат ұстанса да, өзінің заңсыз, залым әрі қылмыскер болмысын жойылу нүктесіне жақындата түсетіні күмән тудырмайды.

Тегтер