Иранда онкологиялық аурулар тегін емделетін болды
ИИР Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі Иранда қатерлі ісік ауруының тегін емделуін жариялады.
Бахрам Эйноллахи Иранның Семнан облысындағы Кәусар ауруханасының жан-жақты қатерлі ісік диагностикасы және емдеу орталығының ашылу салтанаты аясында: «Жақында ұлттық қатерлі ісік скринингтік науқаны жүзеге асуымен осы ауруға күдікті адамдар тегін емделеді»,- деді.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап осы науқастарға қолдау көрсету үшін Иранның "Саламат" сақтандыру ұйымында «Ерекше және емделмейтін аурулар қоры» іске қосылды. Өткен жылдан бері 107 ауру тобына аталмыш қордың жәрдемақысы берілді.
Бұл қордың міндеті сақтанушының негізгі және қосымша сақтандыру міндеттемелеріне қосымша шығындарды төлеу болып табылады.