Maм 04, 2024 17:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Индонезия Батыс ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарына қарсы Ислам әлемі БАҚ одағын нығайтуға баса назар аударды

Иран Ислам Республикасының Индонезиядағы мәдени кеңесшісі: «Ислам әлемі БАҚ одағының Батыс ақпарат құралдарының бұрмалануы мен қаралауына қарсы тұрудағы ынтымақтастығы бүгінгі ислам әлемінің қажеттіліктерінің бірі болып табылады»,-деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар ұйымының қоғаммен байланыс бөлімінің есебіне сәйкес, ИИР-ның Индонезиядағы елшісы Мұхаммад Бруджерди және Мәдени кеңесшісі Мұхаммад Реза Ибрахими   Индонезияның Кибермедиа Одағы кеңесінің ресми өкілдерімен және мүшелерімен кездесіп, әңгімелесті.

Бруджерди Израильдің Газадағы қылмыстарына тоқталып: «ИИР Израильге қарсы тұрған жалғыз ел және сол басқыншы режимнің зұлымдықтарына қатаң жауап берді.  Иран Израильге қатаң жауап бере отырып, кез келген агрессияға қатаң жауап беретінін әлемге жолдады",- деп мәлімдеді.

Бұл басқосудың жалғасында Ислам әлемі БАҚ одағының бүгінгі ислам әлемінің қажеттіліктерінен батыстық ақпарат құралдарының бұрмалануымен күресу мақсатындағы ынтымақтастығы туралы баса айтылды.

Бұл кездесуде Индонезияның Кибер және БАҚ одағының басшысы Фердоус осы одақтың қызметі туралы түсіндіріп: "Индонезияның Кибермедиа одағы бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалайтын ұйымдық орган болып табылады. Одақ 2017 жылы 7 наурызда Бантен қаласында құрылды. Индонезияның кибермедиа одағы әділетті қоғамды жүзеге асыру үшін өмірдің демократиялық тәртібін құру үшін баспасөз мен БАҚ бостандығы қажет деген идеяға негізделген",- деді. Ол Иранның Израильге жасаған шабуылына берген жауабын мақтап: «Иран сионистік басқыншылыққа қарсы тұрған жалғыз ел және біз қымбатты Иранды мақтанышпен қолдаймыз",- деп сөзін жалғады.

Иранның Индонезиядағы мәдени кеңесшісі Ибрахими де осы кездесуде Ирандағы ақпарат агенттіктері мен виртуалды желілердің әртүрлі мазмұнды жариялау арқылы еркін жұмыс істеп жатқанын баса айтты: "Ислам әлемінің БАҚ-тарына маңызды міндет жүктелген. Батыс ақпарат құралдарының бұрмалаулары, жала жабулары мен өтіріктеріне баурап алмау керек. Соңғы бірнеше күнде 600-ден астам университет студенттері мен профессорлары адамзат пен Газаның езілген халқын қорғау үшін тұтқындалып, оқудан шығарылды. Батыстықтардың, әсіресе АҚШ-тың стратегиясы Израильді қорғауда ешқандай көмегін аямады",- деп айтты.

Ретно Интани ханым, Индонезия Кибермедиа одағы кеңесінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы да: "Индонезия мен ирандық БАҚ арасында ғылым және тәжірибе алмасу, жаңалықтар, технология, оның өндіріс өлшемдеріндегі фильм, шолу және қорытындылау және т.б. қоса алғанда, әртүрлі салаларда ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер бар",- деді.

 

Тегтер