Ислам революциясының жетекшісі Теһрандағы кітап көрмесін үш сағат аралады
(last modified Mon, 13 May 2024 12:39:21 GMT )
Maм 13, 2024 18:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Теһрандағы кітап көрмесін үш сағат аралады

Имам Хаменеи 35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесін 3 сағат бойы аралап әртүрлі кітап стендтерін тамашалады.

Ислам революциясының жетекшісі көрмеде баспагерлер, авторлар және кітап дүңгіршектерінің иелерімен әңгімелесу барысында кітап шығару жаңалықтары мен кітап нарығының жай-күйі, сондай-ақ көрменің деңгейі туралы жан-жақты хабардар болды.

Ирандағы кітап пен кітап оқудың жағдайы имам Хаменеиді соңғы бірнеше онжылдықта алаңдатқан мәселелердің бірі болды. Бұл оның кітапқа деген қызығушылығы мен қоғамда кітап оқу мәдениетін ілгерілетуінен туындайды.

Бірнеше жыл бұрын Ислам революциясының жетекшісі Теһран халықаралық кітап көрмесін аралаған кезінде:

«Біздің халқымыз кітапты бүгінгі қолында бардан көбірек білуі керек. Кітап оқу – ұлтқа парыз. Бұл міндетті және қажет», -деген.

Сәрсенбі, 8 мамырда Теһрандағы Имам Хомейни атындағы діни-мәдени кешенде «Оқып, салайық» ұранымен 35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесі басталды, көрме 18 мамыр, сенбіге дейін келушілер үшін ашық болады.

 

Төменде имам Хаменеидің 35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесіндегі суреттерін көруге болады: