Иран Президенті мен Сыртқы істер министрі қаза тапты
(last modified Mon, 20 May 2024 09:20:04 GMT )
Maм 20, 2024 15:20 Asia/Almaty
  • Иран Президенті мен Сыртқы істер министрі қаза тапты

Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан халыққа қызмет ету жолында Шығыс Әзірбайжан облысының Варзақан ауданында болған тікұшақ апатынан қаза тапты.

Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен оның делегациясы кеше, жексенбі "Қыз қаллесі" бөгетін ашу рәсіміне қатысу және Иран мен Әзірбайжан республикасына ортақ "Ходаафарин" бөгетінің құрылысы барысымен танысу үшін Шығыс Әзірбайжан облысына барған болатын.

Осы рәсімнен кейін Иран Президенті мен Сыртқы істер министрі мінген тікұшақ қайтар жолда ауа райының қолайсыздығына байланысты Варзақан ауданында апатқа ұшырады.

Президент пен оның делегациясына көмектесу үшін ондаған іздестіру-құтқару топтары жіберілгенімен таулы аумақты қалың тұман басып,  ну орманнан өту қиын болғандықтан құлаған тікұшақты табуға бірнеше сағат кетті.

Ақырында бүгін, дүйсенбі күні таңертең халықтық іздестіру-құтқару топтары мен Қызыл жарты ай қоғамының құтқарушылары ирандық іздестіру дрондарын пайдаланып, оқиға орнына жетті.

Осы әуе апатында Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианнан басқа Тебриз жұма намазының имамы аятолла сейіт Мұхамедәли Але Хашим мен Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати  қаза тапты.