Иран халқы аятолла Раисиді не үшін жақсы көрді?
(last modified Tue, 21 May 2024 12:05:44 GMT )
Maм 21, 2024 18:05 Asia/Almaty
  • Иран халқы аятолла Раисиді не үшін жақсы көрді?

Сарапшының айтуынша: Аятолла Раиси қымбат еді. Күйзелмеген, төбелеспеген,  оппозицияға айналмаған, саяси бақталаспен дауласпаған адам.

1: Аятолла Раиси аз уақыт ішінде Иранның әр түкпіріне барып, іс-шараларды қадағалап отырды, қазір әртүрлі облыстардың тұрғындары шәһид болған президент туралы: «Ол кеше келген сияқты» деп еске алады. Жұрттың сағынышынын бір себебі де осы. Коронавирустың шарықтау шегі ауруханалар мен дәріханаларға жеткен сол күндері бүкіл Иран халқы оны жақыннан көргендей болды. Ендеше, әрқашан ұмытылмайтын осы таныстықтың арқасында Иран халқы бүгінде соншалықты сағыныш пен мұңды сезінуі керек.

2: Аятолла Раиси қымбатты. Ол астыртын сөйлемеген, дауласпаған, саяси бәсекелесімен айтыспаған, оппозицияға айналмаған, халықты алаңдатпаған. Әрине тақуа адам міндетті түрде сүйікті болады.

3: Аятолла Раиси имам Резаның (ғ.с.) қасиетті жерін басқарған күні халықтың рухани көңіл-күйінің көтерілуіне себеп болды. Ол 1996 жылы президенттік сайлауға қатысқан күні және ол жеңіліске ұшыраса да, әлі де қалың жұртшылық арасында құндылықтар мен дінге деген құмарлықты тудырды.  Ол сот билігін басқарған кезде оның әрекеттері діни капиталды тудырды және 1400 жылы президенттік сайлауда жеңіске жеткенде, ол діншілдік пен идеализмнің құштарлығын арттырды.

4: Аятолла Раиси арамыздан кеткенімен, оның халыққа қызмет ету және ИИР үкіметінің қызметшісі болу сезімін күшейту ерік-жігері, оның шәһидтік батасымен күшейіп, тереңдей түсті. Шәһидтің қаны әрқашан дұшпанның қарама-қарсы нүктесі ретінде әрекет етеді және Иран халқының сезімдері мен есептерін өзгертуді көздеген  миллиондаған долларлық медиа және экономикалық соғыстың жобасын бұзуы мүмкін. Қажы Қасымның шәһид болуы Ислам республикасының беделі мен әлеуметтік қорының үлкен жаңғыруына себеп болса, аятолла Раисидің шәһид болуы екінші және тағы бір қадам болды және бұл адамдардың Ислам Республикасындағы президент пен үкімет институтына сенім, оптимизм және қызмет көрсету сезімін күшейту болды.