Maм 23, 2024 21:15 Asia/Almaty
  • Раиси болмағанда лаңкестер 20 ғасырдың 80 жылдары Теһран тұрғындарын қырып-жоятын еді

Лаңкестердің аятолла Раиси мен оның серіктерінің шәһид болғанына қуануының бірнеше себебі бар. Бірақ бір фактор, яғни 20 ғасырдың 80 жылдарындағы «Халық моджахедтері» деген атпен белгілі лаңкестерді ауыр жазалау ісіндегі аятолла Раисидың рөлі баса айтылады.

Иран Президенті мен оның серіктері мінген тікұшақтың апатқа ұшырауы Иран халқының жүрегін сыздатып, осындай қызметшілерден айырылғанына байланысты жалпыұлттық аза жариялануына себеп болды. Ал лаңкестер мен қара ниеттілер барабан соғып, бұл қайғылы оқиғаға қуанғандарын білдірді.

Лаңкестердің аятолла Раиси мен оның серіктерінің шәһид болғанына қуануының бірнеше себебі бар. Бірақ бір фактор, яғни 20 ғасырдың 80 жылдарындағы «Халық моджахедтері» деген атпен белгілі лаңкестерді ауыр жазалау ісіндегі аятолла Раисидың рөлі баса айтылады.

Білгендеріңіз жақсы, аятолла Раиси сол замандағы сот органының қызметкері ретінде лаңкестердің қылмыстары мен сатқындықтарына қарсы күресіп, оларды жазалауда басты рөл ойнады. Осы мәселе Иранға дұшпандар мен қалған лаңкестерге осы жылдар барысында оған қарсы ауқымды шабуылдар жасауына себеп болды.

Раджави лаңкестерінің террорлық әрекеттері

Иранда революцияға дейін қызмет атқарған топтар мен ағымдар арасында "Халық моджахедтері ұйымы" – елдің қазіргі заман саяси тарихында өте танымал есім. Бұл атау бүлдіру, террор жасау, бомба жару және қарулы шабуылдар жасаумен тікелей байланысты. Ал имам Хомейни(р.) бастаған халықтың басым бөлігі Пехлеви режиміне қарсы бейбіт күрес жолына түскен болатын.

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ирандықтар «Халық моджахедтер ұйымының» экстремистік ойлары мен мінез-құлқын қабылдамағандықтан, бұл ұйым билікті қарулы жолмен басып алуға тырысты.

Масуд Раджави ұйымның басшысы ретінде Ислам Республикасымен күресу үшін бірнеше қадамдарды қарастырды:

Бірінші қадам "жүйені болашақтан айыру/жарамсыз ету" деп аталды. Бұл Иранның мемлекеттік  қайраткерлерін өлтіру арқылы жүйенің тұрақтылығы мен болашағын жою дегенді білдіреді.

Х.ш.ж.с.б. 1360 жылы 30 хордадта басталып, 1361 жылдың жазына дейін жалғасқан бұл кезеңде ИИР жүйесінің қайраткерлеріне қарсы ең үлкен лаңкестік әрекеттер жасалды. Шәһид Беһешти мен осы режимнің 70-тен астам маңызды қайраткерлерінің шәһид болуына әкелген Ислам Республикасы партиясының штаб-пәтерінде болған жарылыс – осы жағдайлардың бірі. Мұны Раджави «жойқын соққы» деп атады.

Халық моджахедтері ұйымының лаңкестері тарапынан  Ислам Республикасы партиясының штаб-пәтерінде жасаған жарылысынан кейінгі шәһид Беһештидің суреті

Бұдан кейін "Халық моджахедтері" лаңкестік ұйымы имам Хомейнидің үйі мен кеңсесіне бомба қоюды көздеген. Бұл саладағы талпынысы сәтсіз аяқталды. Ол өзінің келесі мақсатына, президент пен премьер-министрге (шәһид Раджаи мен Баһонар) назар аударып, күшті бомба жарып оларды өлтірді.

"Халық моджахедтері" лаңкестік ұйымы саяси қайраткерлерді террорлаумен бірге діни тұлғаларды террорлауға көшті. Намазда 5 жұма имамын өлтіру осы ұйымның қылмыстарының тағы бір үлгісі болып табылады.

Америкалықтарға қатты жақын болған "Халық моджахедтері" лаңкестік ұйымының сараптауы бойынша, билік жүйесіне соққы берілді, ал екінші кезеңге өту арқылы Иранда қауіпсіздікті бұзып, дағдарыс тудыру керек.

Осыған байланысты ұйым мүшелері Масуд Раджавидың тапсырмасымен көшелер мен базарларда адамдарға қастандық жасамақ болды. Дүкендер мен наубайшылардан бастап қорғансыз әйелдер мен жәбірленген балаларға дейін, соның ішінде өртте тірідей өртенген 3 жасар «Лила Нурбахш» атты қыз да бар.

1360 жылдардағы "Халық моджахедтері" ұйымы лаңкестерінің қолынан зардап шеккен ирандық баланың суреті

Алайда "Халық моджахедтері" лаңкестік ұйымының Иран халқына қарсы жасаған қылмыстары мұнымен шектелмейді. Таңылған соғыста Ирактың Баас режимі АҚШ-тың қолдауымен Иранға басқыншылық жасады. Раджавидың лаңкестері толығымен Баас режимі мен Саддамның жағында болды.

Тыңшылық және соғыс ақпаратын жинау саласында олар Баас режиміне кең көлемде қызмет көрсетті және көп ұзамай Баас режимінің бесінші тірегі атағын алды.

Олар тіпті ирандық жауынгерлердің формасын киіп, ирандық күштердің қатарына еніп, ирандық жауынгерлерді өлтіруге әрекеттенді. Раджавидың лаңкестері Саддамға қарсы шыққан Ирак күрдтерін де өлтірді.

Масуд Раджави және Ирак диктаторы Саддам

Таңылған соғыс кезінде олар бірнеше операция ұйымдастырды. «Афтаб» немесе «Жарқыраған күн» операциялары сияқты ұрыс алаңына тікелей араласты. Соның салдарынан шамамен 3500 адам шәһид болып, жарақат алды, 508 ирандық сарбаз тұтқынға алынды. «Мерсад» операциясында 977 ирандық осы лаңкестердің қолынан шәһид болды. Және олар адамдарды тірідей өртеп, науқастардың басын кесіп, аурухананы өртеп жіберуге дейін (барлық аналар балаларымен бірге өртеніп кеткен) барып, басқа да адам сенгісіз қылмыстар жасады.

Мұнымен қоса, олардың 1366 жылы Меккеде ирандық қажыларды өлтірудегі рөлін атап өтуге болады.

Осы жағдайда аятолла Раиси сот органының қызметкері ретінде Иран халқын қорғау үшін Теһранда орналасқан лаңкестерге кесімді түрде қарсы күресті.

Ол сот мекемелерінде қызмет еткен кезде Теһрандағы лаңкестердің жазалаушысы болып, АҚШ қолдаған лаңкестердің Иран мен Теһран халқына қарсы бұдан да көп қылмыс жасамауы үшін берік әрі қатал тұрды.

Мынадай сауал туындайды:  Неліктен Батыс пен оның БАҚ-тары лаңкестік топтармен бірлесе отырып, Раисидың әрекеттерін мақтаудың орнына лаңкестік топтарға жақтасып, оның келбетін бұзуға кірісіп, жалған ақпарат таратып, тарихи фактілерді жасыру саясатын жалғастыруда? Батысқа бұдан не пайда?

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың адвокаты және жақын досы Руди Джулианидың жанындағы «Халық моджахедтері» лаңкестік ұйымының қазіргі жетекшісі Марьям Раджавидың суреті.

 

Дереккөз: Хұсейн Асқари. Раисидың шәһид болғанына дұшпандардың қуануының себебі неде? Mehr ақпарат агенттігі, 1403

NICHOLSON, EMMA. 2003. MKO terror threat. Politico.

Тегтер