Maм 24, 2024 19:38 Asia/Almaty
  • Президентті жерлеу рәсіміне жаппай қатысқан ирандықтардың әлемге жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі Раисидің жанұясымен кездесті.

Имам Хаменеи сәрсенбі күні кешке шәһид Раисидің үйіне барып, оның жанұясымен кездесіп, қаза тапқан президентті Ислам революциясы ұрандарының символы деп атап, халықтың оған деген адалдығын әлемге Ислам республикасының мүддесіне сай жолдау деп сипаттады.

Шәһид Раисидің жұбайы Әлам әл-Хода, оның балалары мен туыстары қатысқан кездесуде Ислам революциясының жетекшісі Раиси мырзадан айырылуды ел үшін ауыр әрі орны толмас қаза деп бағалады.

Имам Хаменеидің шәһид Раисидің жанұясымен кездескен сәті

Имам Хаменеи халықтың шәһид Раисидің жаназасына жаппай қатысқанының шетелдік қонақтардың назарынан тыс қалмағанына тоқталып, мұны әлемге ИИР мүддесіне сай берілген жолдау деп атап: "Ислам республикасының қуаты Иран қоғамы мен ұлтынан терең тамыр алған",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесудің соңында Раиси үшін дұға етіп, кешірім сұрай келіп, аман қалғандарына Алладан сабыр тіледі.

Тегтер