Maм 28, 2024 19:35 Asia/Almaty
  • Иранның мәдени-әлеуметтік жаңалықтарына шолу

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрінің орынбасары әлем халқының жартысының Иранға визасыз сапар шеге алатынын хабарлады.

Әлем халқының жартысының Иранға визасыз сапар шеге алуы, ирандық фильмнің ресейлік фестивальде үш жүлде алуы, Иранның Малайзия халықаралық кітап көрмесіне қатысуы – осының барлығы Иранның мәдени-әлеуметтік жаңалықтар легіне жатады.

Ирандық әншінің халықаралық концерттері Дубайға жетті.

Ирандық әнші Әлиреза Құрбанидың концерті 7 маусымда Дубайда өтеді. Бұл концертте БАӘ-нің "Фердоус" атты беделді оркестрі мен Oscar және Golden Globe жүлделеріне ие көрнекті сазгер И.Р. Рахман өнер көрсетеді.

Ирандық фильм АҚШ-тың Лос-Анджелес кинофестивалінде көрсетіледі.

"Орталық аурухана" атты ирандық қысқа фильм АҚШ-тың 34-ші Лос-Анджелес кинофестивалінде (IFS) көрсетіледі. Бұл кинофестиваль 12-20 маусым аралығында Лос-Анджелесте өтеді.   

Ресейлік фестивальде ирандық фильм үш жүлде алды.

Мұхтар Абдуллахидың сценарийі және режиссерлігімен түсірілген "Жартастар арасында" атты ирандық фильм Ресейдің "Қаһарман" фестивалінде үш жүлде алды.

Бұл фильм фестивальдің ең үлкен жүлдесін, көрермендер тұрғысынан ең үздік фильм жүлдесін және ең үздік бала әртіс (Андия Яхиапур) дипломын алды. "Қаһарман" фестивалі 31 ордибехешттен 4 хордад аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтті.

Әлем халқының жартысы Иранға визасыз сапар шеге алады.

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрінің орынбасары Әли Асқар Шалбафиан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің туристік басшыларының онлайн конференциясында: "Қазіргі таңда әлем халқының жартысы Иранға визасыз сапар шеге алады",-деді.

Ол ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасында Иранның 27 ескерткіші тіркелгенін айтып: "Иранда сәулет өнерінің үлгілері көп. 398 бұйым Иранның текті қолөнер бұйымы деп тіркеліп, мөр басылды. Қолөнер бұйымдарын жасайтын  5 қала бар. Иранның дәстүрлі тағамдары, таулы аймақтар мен гейзерлік бұлақтарға дейінгі түрлі климаттық жағдайлар, кәсіби дәрігерлер – осының барлығы әлемнің басқа жерлерінде сирек кездесетін теңдессіз әлеуеттер деп атады.

Әйелдер мен жанұя істері жөніндегі орынбасар: Сейіт Хасан Насролланың анасы әлемге ең ірі адами ресурстардың бірін сыйлады

Иран Президентінің әйелдер мен жанұя істері жөніндегі орынбасары Аниса Хазаи Ливан Хизбулласы бас хатшысының анасының қайтыс болғанына байланысты көңіл айтып: "Ол тек сейіт Хасан Насролланың анасы емес. Қарсыласу қозғалысы осындай әйелдерге қарыздар. Ол өз тәрбиесімен  әлемге ең ірі адами ресурстардың бірін сыйлады. Анасының тәрбиесінің арқасында  сейіт Хасан Насролла ержүректік, батылдық пен адамзат мақтанышының үлгісіне айналды",-деді.

Малайзияда ирандық кітаптарға қызығушылық байқалды.

Иран Малайзияда 24-ші халықаралық кітап көрмесіне қатысты. 24 мамырда Малайзияның дүниежүзілік сауда орталығы Куала-Лумпурда басталған бұл көрме 2 маусымға дейін жалғасады. Иран көрменің "Азиядағы баспа құқығы" саласындағы "Кітап елшілері" бөлімінде қатысты. Көрме аясында Әһл-е Бейттің (ғ.) дүниежүзілік ассоциациясының баспасы мен Wonder book халықаралық платформасы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Голливуд пен жаһандық кинематография шынайы қаһармандардың жоғынан зардап шегіп отыр.

Ирандық режиссер Құрбанәли Тахерфар IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран және әлем кинематографиясындағы кейіпкер мен қаһарман тудыру туралы: "Голливуд пен жаһандық кинематография шынайы қаһармандардың жоғынан зардап шегіп отыр. Голливудта қанша қаһарман мен алып адам бары маңызды емес. Олардың қаһармандық тарихы мен қалыптасқан өркениеті жоқ. Олардың қазіргі қаһармандары бірнеше қолбасшы және атқышпен шектеледі. Бұл – тарихты бұрмалаудың бір түрі",-деді.      

 

Тегтер