Маусым 02, 2024 18:33 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі төрағасы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы спикерінің сөзіне  жауап берді

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Ислам революциясының жетекшісінің Палестинаны қолдайтын америкалық студенттерге жолдауына реакция білдірген АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы төрағасының твиттеріне жауап берді.

 

Ислам революциясының мәртебеліжетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні (2024 жылдың 30 мамыры) Америка университеттерінде Палестина халқын қолдап жүрген саналы студенттерге жолдаған хатында осы студенттердің антисионистік наразылықтарына жанашырлық пен ынтымақ білдірді, оларды қарсыласу майданының бір бөлігі деп санады және Батыс Азияның сезімтал аймағының өзгеріп жатқан жағдайы мен тағдырына сілтеме жасай отырып, әлемдік тарихтың бетбұрыстарын атап өтті.

Ислам революциясының жетекшісінің америкалық студенттерге жолдаған хаты жарияланғаннан кейін АҚШ Өкілдер палатасының республикашыл спикері Майк Джонсон Х әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында Ислам революциясының жетекшісінің жолдауының мәтінін қайта жариялап: "Аятолланың көңілінен шыққан болсаңыздар, Американың қолдауынан айырылдыңыздар» деді",- деп жазды.

Ирандық студенттер ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы төрағасының твитіне жауап ретінде «X» әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында ағылшын тілінде былай деп жазды: "Балаларды шатырларда тірідей өртеп жіберу Американың қолдауы мен мақұлдауына ие бола ма? Студенттер (американдық)  тарихтың оң жағында және геноцидті жақтаушылар алаңдауда».  

Ислам революциясының жетекшісінің Палестинаны қолдайтын америкалық студенттерге арнаған хаты Батыста, әсіресе Америкада палестиналықтар мен езілген Палестина халқының ісін қолдаудың бұрын-соңды болмаған үрдістерін ескере отырып, ерекше маңызға ие және халықаралық деңгейде оны белсенділер мен еркін ойшылдар да қарсы алды.  

  
 

 

Тегтер