Иран қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған желілік үдеткіштің төртінші өндірушісі
(last modified Sat, 08 Jun 2024 11:03:58 GMT )
Маусым 08, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • Иран қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған желілік үдеткіштің төртінші өндірушісі

Ирандық білімге негізделген компанияның сату жөніндегі менеджері желілік үдеткіштерді экспорттау үшін Уганда, Сирия және Ирак сияқты бірнеше елмен кеңескенін хабарлап: «Бұл компания Угандамен 20 миллион долларлық экспорттық келісімге қол қойды»,- деді.

 

Иранның білімге негізделген «Бехиар Санат Сепахан» компаниясының сату жөніндегі менеджері  Ильяси мәлімдемесіне сәйкес, қатерлі ісік ауруын емдеуде қолданылатын технологиялардың арасында радиация шығару және қатерлі ісіктерді бомбалау арқылы қатерлі ісік ауруын емдеуге көмектесетін сызықты үдеткіш құрылғылар бар.

Ильяси бұл құрылғыны тек 3 елдің, Америка, Англия және Германияның жасағанын және Иранның бұл құрылғыны әлемдегі төртінші өндіруші екеніне назар аударып: «Бұл компания Иранның ғылым және технология жөніндегі вице-президенті, Денсаулық сақтау министрлігі және Атом энергиясы ұйымының қолдауымен 5 жыл ішінде осы желілік үдеткішті шығара алды»,- деп айтты.

Бұл құрылғының Ирандағы шетелдік үлгілермен салыстырғандағы бағасына қатысты ол былай деді: «Басқа елдердегі желілік үдеткіштің бағасы шамамен 3 миллион долларды құрайды және оның жылдық техникалық қызмет көрсету құны шамамен 300 мың долларды құрайды, ал бұл құрылғының елдің ішіндегі бағасы 1 миллион доллардан аспайды».

Бұл технология белсендісі әртүрлі елдермен, соның ішінде Уганда, Сирия және Иракпен кеңесу туралы, сондай-ақ   Угандамен желілік үдеткіш құрылғыны экспорттауға 20 миллион долларлық келісімшарт жасал,анын хабарлады. Ильяси: «Бұл білімге негізделген компанияда 750 адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі Исфахан технологиялық университетінің ғалымдарынан  және компанияның адам ресурстарының 85% -дан астамы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысады»,- деді.

 

  

Тегтер