Маусым 10, 2024 23:41 Asia/Almaty
  • Ирандық талғам мен көркемөнер мерекесі

Иранның кейбір қолөнер бұйымдарына шолу

Ирандық өнерпаздардың туындылары әрдайым жалпы мен жалқыға танымал. Иранның кілемдері, қыш бұйымдары, хатамкари-инкрустацияланған және минакари – эмальданған бұйымдар, монабаткари – ағаштан ойылған, шиден тоқылған және кестеленген бұйымдар Ираннан экспортталатын маңызды қолөнер бұйымдарының қатарына жатады.

Pars Today ақпарат агенттігі Иранның кейбір қолөнер бұйымдарына шолу жасады.

Ирандық кілем

Жобаның ішінде жоба, бояудың ішінде бояу, түйін артынан түйін – осылардың нәтижесінде көздің жауын алатын таңғажайып жобаға және әдемі түске ие кілем шығады. Ирандық кілем – Иранның әлемдік нарыққа шығаратын ең маңызды тауарларының бірі.

Ирандық өнерпаздардың қолымен тоқылған түрлі кілем, гәббе мен джаджим
Ирандық кілем-картина – ұстаз Фаршчианның туындысы
Иранның түрлі түсті кілемдері

Терме

Терми (кашемир) – өте нәзік жібек талшықтарынан тоқылған бағалы матаның бір түрі және Иранның тамаша қолөнер бұйымдарының бірі. Терме Иранда, әсіресе Йезд облысында әртүрлі жобамен тоқылады. Қолмен боялатын термеде күрең, қызыл, жасыл, қызғылт сары, қара түсті жоғары сапалы жібек пен жүн қолданылады. Тәж суреті, шах Аббаси гүлдері, шапан суреті, бұғы мүйізі, түрлі жолақтар, сауырағаш пен бадамның суреттері – ирандық терменің танымал элементтері. Қазіргі кезде терме матасы жастықтың тысы, дөңгелек жастықтардың тысы, арқалықтардың тысы, дастархан, жайнамаз, манто көйлектер, жилеттер, аяқ киімдер, сөмкелер және т.б. тігуде қолданылады.

Ирандық терменің үлгісі
Ирандық терме дастарханның көркі
Ирандық терме

Қыш бұйымдары

Иранның экспорттық қолөнер түрлерінің бірі – қыш бұйымдары. Ирандық өнерпаздар жасаған қыш бұйымдары әлем елдерінің көбінде сатылады.

Иранның көне қыш бұйымдары табиғаттан шабыт алған.

Ирандық қыш бұйымдарының бетіндегі түрлі жобалар
Ирандық қыш бұйымы

Хатамкари – инкрустация

Хатамкари – тарихи тамыры терең Иранның бейнелеу өнері мен қолөнерінің бірі. Хатам – түрлі түсті және әралуан шикізаттарды қолдану арқылы жасалатын дұрыс көпбұрыштардың қосындысы.

Инкрустацияланған үстел мен айна
Ирандық өнерпаздардың қолымен жасалған инскрустацияланған барабан
Инскрустацияланған ыдыстар

Көк ақықпен әрленген бұйымдар

Бұл ирандық өнерде жылтыратылған көгілдір тастар мыс, күміс пен қола ыдыстардың бетіне жапсырылып безендіріледі.

Мыс бетіне жабыстырылған көк ақықтар
Мыс пен көк ақықтан жасалған құмыра мен бокал

Кесте тігу

Иранның бұл қолөнер өнерінде кестешілер матаға жіп пен иненің көмегімен түрлі ою-өрнектер салады. Олар негізінен табиғат пен тіршілік ортасынан шабыт алады. Бұл өнер Иранның көптеген аймақтарында, әсіресе Систан мен Белуджистанда кең таралған және Иранның киім саласында қолданылатын әдемі қолөнер түрі болып саналады.

Кесте тігу – жіп және инемен ою-өрнек жасау өнері
Кесте тігу мен айна сынықтарын тігу өнері
Кестеленген ұлттық киім

Қаламзани – металл бетіне ойып өрнек салу

Өнерпаздар металл, әсіресе мыс, алтын, күміс, жезден жасалған бұйымдардың бетін әдемі де нәзік жобалар ойып әрлейді. Бұл өнерде қолөнершілер балға және қаламсаппен сызықтар мен өрнектер жасау арқылы металл заттарға әртүрлі ою-өрнектер салады. Бұл өнердің Иранда бірнеше мың жылдық тарихы бар. Ирандық қолөнершілер оны әлі де қолданады.

Исфахандық қолөнершілердің қолымен жасалған қаламзани бұйымы
Қаламзани өнеріндегі талғампаздық пен дәлдік
Қаламзани өнері

Шыныдан бұйым жасау

Ирандағы шыныдан бұйым жасау өнерінің ұзақ тарихы бар. Марлик көне төбесіндегі археологиялық қазбалар ежелгі Иранда шыны жасаудың кең тарағанын дәлелдеді. Бұл өнер әлі күнге дейін ирандық қолөнершілер арасында танымал.  

Иранда шыныдан жасалған бұйым
Шеберлердің қолымен жасалған шыны ыдыстардың түрлері

 

Тегтер