Азия ынтымақтастығы диалогы форумы министрлерінің отырысының өтуі Иранның көпжақтылықты нығайтудағы табандылығын көрсетеді
Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Кани: «Азиялық ынтымақтастық диалогы форумының министрлер отырысының осы сәтте өтуі Иранның Азиядағы көпжақтылықты, ынтымақтастық пен жақындасуды нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланудағы табандылығын көрсетеді»,- деді.
Азиялық ынтымақтастық диалогы форумы Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін алаң болып табылады және Азия елдерінің көпжақтылық пен инклюзивтілікке ұмтылысын көрсетеді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Багери Кени Теһрандағы Азиялық ынтымақтастық диалогы форумының министрлер отырысының сәтті өтуіне тоқталып: «Бұл кездесу мүше-мемлекеттердің өкілдері мен азиялық үкіметаралық ұйымдардың бас хатшыларына отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер мен форум қызметінің келешегі бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Осы отырыста форумның қызметі мен тәртібін реттейтін екі қағида да алғаш рет бекітілді»,- деп жазды.
Азия ынтымақтастығы диалогы форумы Сыртқы істер министрлерінің 19-шы отырысы дүйсенбі күні Теһранда отандық және шетелдік ресми тұлғалардың қатысуымен өтті. Бұл отырысқа министрлер мен халықаралық ұйымдардың 41 делегациясы қатысты.