Иран қоғамының маңызды саяси мәселеге белсенді қатысу күні
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ирандағы президенттік сайлаудың 14-ші турының екінші кезеңінде дауыс берді.
Революция жетекшісі бүгін, жұма күні 110 сандықшаға дауыс бергеннен кейін сайлау күнін жақсы күн және маңызды саяси мәселеге халықтың белсенділік таныту күні деп бағалады. Ол: "Алла бұйыртса, қадірменді халқымыз сайлаудың екінші кезеңде көбірек күш салып, дауыс беруге қатысып, жақсы таңдау жасап, ертең сенбіде Елбасымыз болады",- деді.
Хазірет аятолла Хаменеи халықтың президенттік сайлаудың осы кезеңіне деген ынта-ықыласы мен қызығушылығының артқаны туралы кейбір хабарларға сілтеме жасап: «Олай болса, қуантарлық жайт, Алла Тағала елді өркендетіп, осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген барша жандарды Өз рақымына, мейіріміне бөлеуін тілейміз",- деп айтты.
Бүгін, Иранда 14-ші президенттік сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр және Масуд Пезешкиан мен Саид Джалили бәсекеге түсіп отыр.